ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің цифрлық кеңсесінде өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі қаралды.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазгидрометтің» болжамы бойынша республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қар араласқан қатты жауын-шашын болып, температура көтерілетінін хабарлады. Оның айтуынша, қалың қардың еруінен су жиналып, бұл өз кезегінде мұздың күрт еруі мен өзендерде су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейту тапсырылды.
Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктері ТЖМ-мен бірлесіп, қажетті шұғыл шаралардың барлығын қабылдауы қажет екенін атап өтті.
«Қазір бізге су тасқынына дайындық шараларын күшейту керек. Ауа райының күрт жылынуынан тасқын қаупі туындап отырғанын көріп отырмыз. Бұл бағытта тиісті іс-шараларды жедел үйлестіру үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы Үкіметтік комиссия жұмысын бастайды», – деді Әлихан Смайылов.
Су тасқынына қарсы шаралар қазір Қостанай облысы әкімдігіндегі кеңейтілген кеңесте талқыланды. Барлығы облыстың 37 елді мекені немесе 808 тұрғын үй туралы айтылады. Арқалық, Амангелді, Жангелді, Қарасу, Әулиекөл, Наурызым аудандарының ауылдарын су басу қаупі төніп тұр.
ТЖД мәліметтері бойынша 2021 жылы су қаланың Лесная көшесіндегі 25 үйдің ауласына кірді. Мұнда олар мотопомпаларды дайындап, көктемде келетін суды соруға дайын.
Федоров ауданында, керісінше, егістіктерден су күтіп, су өткізгіштерді ауыстыру үшін ақша сұрайды. Тіпті 749 млн теңгеге жоба әзірленді. Бірақ мұнда ТЖ департаменті су тасқынына тікелей қауіп жоқ екенін атап өтті. Өңірде барлығы 98 гидротехникалық құрылыс бар. Оның 12-сі ТЖ департаментінің ақпараты бойынша қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Науырзым ауданының Буревестник ауылы, сондай-ақ Қарасу ауданының бірқатар ауылдары қорғауды қажет етеді. Қарасу ауданының әкімі 13 бөгеттің төртеуі жөндеуді қажет ететінін атап өтті. Олар реттеуші, яғни су ағынын реттей алады. Әкімнің айтуынша, бұл бөгеттер елді мекендерді су басуға әсер етпейді. Мұның бәрі өзендердегі су деңгейіне байланысты.
Бірақ ТЖ департаментінде Карамырза ауылын жыл сайын су бастаныны атап өтті. Сондықтан аудандағы объектілерді жөндеу мәселесін шешу қажет.