Қостанай облысының басшысы Құмар Ақсақалов «Олжа Агро» холдингіне барды. Өңір басшысы аталмыш холдингке алғаш рет барғанын атап өткен жөн. Өңір басшысына кәсіпорын қызметімен холдингтің бас директоры Айдарбек Ходжаназаров таныстырды.
Кездесу барысында Қостанай агромеханикалық зауытының материалдық-техникалық базасын көрсетті, онда өңір басшысы Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы техникасының өндірістік циклімен толық танысты.
Сондай-ақ, Айдарбек Ходжаназаров аймақ басшысына компания бес жыл бойы өз тәжірибесінде кеңінен қолданатын енгізілген инновациялар мен жаңа технологиялар туралы айтып берді. Атап айтқанда ол «Олжа Агро» корпоративтік академиясының жұмысы туралы баяндады, оның шеңберінде холдинг қызметкерлері үнемі біліктілігін арттырады, бизнес-процестерді жақсартады, жаңа, озық тәжірибелерді енгізеді.
Холдингтің негізгі жетістігі егін жинау науқанын жоспарлаудан бастап, егін жинауды аяқтайтын барлық бизнес-процестерді цифрландыру болып табылады. Жұмыс процесіне цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі бірегей бағдарламаны біздің IT мамандар агрономдармен бірлесіп әзірлегенін және бұл компания үшін өте құнды екенін атап өткен жөн.
Құмар Ақсақалов өзінің еңбек өмірбаянында ауыл шаруашылығында тәжірибесі бар адам ретінде аталмыш кәсіпорынның жұмысына және бірқатар іскерлік кеңестерге жоғары сараптамалық баға берді, сондай-ақ жеке тәжірибесімен бөлісті.
— Өте дұрыс тәсілдер, жоспарлы жұмыс. Уақыт кестесін жоспарлау әрқашан маңызды, біз не күтеміз, тарихқа сүйене отырып, қандай болжамдар жасай аламыз? Топырақтың қалай өңделетінін бақылаңыз, агрохимиялық талдау жасаңыз, дұрыс болжам жасаңыз. Мұның бәрін өндіріс процесінде көрдім, – деп түйіндеді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Өндіріс
Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген автор және «Олжа Агро» баспасөз қызметінен алынды