Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанайдағы NIS-тің 36 оқушысы республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңіне қатысуда

17 февраля 2023 18:04 • 433 просмотров

NIS-те республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі 13 ақпанда басталған болатын.

Аталған олимпиадаға жалпы республикамыздың Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 500-ден астам оқушы қатысуда.
36 оқушы тең екі командаға бөлініп апта басында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сарапқа салса, келесі жартысы 16 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынайтын болады.
Орыс тілінде оқитын 9 сынып оқушысы Екатерина Ким олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр:
Қазақ тілі пәніне бастауыш сыныптан бастап қызығатынмын, бұл пән маған оңай болды. Пәндік олимпиаға алғаш рет қатысып отырғандықтан ішімнен бір қорқыныш сезім бар. Дегенмен қазақ тілінен мұғаліміммен бірге дайындалдық, әртүрлі тапсырмаларды шештік, түрлі тақырыптарда эссе жаздық, сондықтан олимпиадада жақсы көрсеткіштерді көрсететініме сенемін.
Желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының намысын қорғайды.