Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ақпараттандыру басқармасы азаматтарды қабылдау күнін өткізді

24 марта 2023 11:11 • 382 просмотров

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін» өткізді, деп хабарлайды «Қостанай таңы» газеті.

Өңір тұрғындары елді мектендердегі байланыс сапасы, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттық қызметтің әлеуеті, еңбек өтілін растау және жеке мәселелерімен де басқарма басшысы Азамат Қашиевке жүгінді.

Аманкелді ауданына қарасты Байғабыл ауылының азаматы интернет желісінің жылдамдығының баяулығына шағымданды.

— Ауылға интернет желісі тартылған. Бірақ мен тұратын Емберген көшесіндегі тұрғындарға ғаламтор желісі жетпей отыр. Балаларым күннің қолайсыздығына байланысты қашықтан оқитын күндер болады. Сол кезде тапсырмаларын онлайн орындай алмай әбігерге түседі, – деп шағым айтты азамат.

Басқарма басшысы ауылға арнайы өкіл жіберіп, көмек көрсететінің жеткізді. Ауылға интернет желісі тартылған болса, ол көшенің қалай ғаламторсыз қалғанын зерттеуді тапсырды.

— Өтінішіңізді қабылдап алдық. Осында Қазақтелеком компаниясының өкілдері қатысып отыр. Аудандық Қазақтелеком басшылығына тапсырма береміз. Сәуір айының басында сіздің ауылға барып жағдайды зерттеп-зерделеп қайтады. Егер техникалық мүмкіндік болса қосып береміз, – деді Азамат Кашиев.

Тағы бір сауал Әулиекөл ауданының Новоселов ауылынан түсті. Ауылда байланыс мұнарасы орнатылмаған, тек көрші ауылда бар. Тұрғындар ғимарат ішінде байланыс желісіне мүлдеп қол жеткізу қиын деп отыр.

— Болашағы бар ауыл. Халық саны 500 адамнан асады. Мектебімізде 11 жылдық. Көрші ауылдан жеткізілетін интернет желісі өте әлсіз. Емін-еркін ену мүмкін емес. Ауылымызға жеке байланыс мұнарасын орнатып берсеңіз екен, – деді Рамазан Қабдырахмет.

Азамат Кашиев Әулиекөл ауданына жұмыс бабымен барғанда, бұл ауылдың жағдайымен танысқандығын жеткізді.

— Аудандық әкімдікке айтқан болатынмын егер шаруа қожалықтары немесе өзге демеушілер ниет білдірсе, солардың есебінен антенна діңгегін орнату керек. Орнатқан жағдайда Beeline операторы базалық станция қоюға дайын. Біздің өзіміде ондай мүмкіндік жоқ. Сол себепті аудан әкімдігіне тағы хабарласып, ауылдың мәселені шешуге көкектесуін сұраймын, – деді басқарма басшысы.

Жалпы облыс бойынша 517 ауылдық елді мекен бар. Оның 331-і сапалы интернет желісімен тартылған. Оның 200-ге жуығы 4G стандартының ұялы байланысымен қамтамасыз етілген.

— Ұялы байланыстың базалық станцияларындағы кедергілердің бірі аймақ тұрғындарының өздері орнатқан күшейткіштеріне байланысты. Бұл өзге пайдаланушылардың сигналын бұғаттайды. Десек те, мобильді интернеттің сапасы төмен ауылдық елді мекендерде оны жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі, – деді Азамат Кашиев.