Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы демократиялық реформалар институты ретінде азаматтық секторды дамытуға ерекше көңіл бөлуде.
Бүгінгі күні қоғамдық кеңестерде, мәслихаттарда, консультативтік-кеңесші органдарда квота ұлғайды, бұл азаматтық қоғамның шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуын көрсетеді.
Осындай қайта құрулардың арқасында әрқайсымыз бюджетті қалыптастыруда, өңірлік даму жоспарларын әзірлеуге қатысу мүмкіндігіне ие болдық. Бұл әрбір үкіметтік емес ұйымның басты миссиясы болып табылатын әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тікелей оң әсерін тигізіп отыр.
Жылдан жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру ұлғаюда, жаңа жобалар әзірленуде. Бұл тұрғыда жаңа жобаларды, ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау өте маңызды. Бүгінде ауылды елді мекендерде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бізде нақты оң көріністі көрсететін бірқатар мысалдар да бар. Мәселен Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек көрсету, Ш.Уәлихановтың есімін халық жадында қалдыру мақсатында жүргізіліп жатқан Күнтимес жобасы, жануарларға көмек көрсету ұйымдарының көбеюі үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге қатысуының көрінісі.
Осындай жаңашылдықтар мемлекетіміздің демократиялық даму жолын ұстанады дегенді білдіреді. Мемлекеттік реформалар азаматтық қоғамды дамытуға, қолдауға бағытталған дегенді айқындайды.