Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауылға ауызсу жетеді

11 мая 2023 14:33 • 449 просмотров

Облыс әкімдігінің отырысында сумен жабдықтау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын іске асыру мәселелері қарастырылды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс бойынша халықтың 91,4% сумен қамтамасыз етілді, оның ішінде: 98,2% – қалалық халық және 80,4%.

Ағымдағы жылы сумен жабдықтаудың 52 жобасын іске асыруға 21,1 млрд теңге бөлінді.

Біздің міндетіміз – 2025 жылға дейін барлық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және халықты сумен жабдықтауды 100%-ға дейін арттыру.

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына 4 млрд 594 млн теңге бөлді.

Ағымдағы жылы тұрақтандыру қорына 797 млн теңге сомасына жалпы көлемі 5,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 түрі бойынша сатып алу жүзеге асырылды. Бұл картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз, ұн, мийіз, күріш және тұз.