Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауылдың мәселесі басты назарда

18 мая 2023 10:00 • 648 просмотров

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың облыс тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Ол аудандарды аралап, алыстағы ауылдарға арнайылап барып, жұртшылықпен кездесті.

Бұл жолы аймақ басшысының жолы Алтынсарин мен Б. Майлин атындағы аудандарға түсті. Қос аудан да облыс орталығының маңынан орын тепкен, жол бойындағы, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары аудандардың бірі. Дегенмен, көптен бері шешімін күткен, қордаланған мәселелер де жоқ емес. Түпкірдегі ауыл-аймақтың тұрғындарын толғандыратын әрі алаңдатын сұрақ көп. Ол сапалы ауызсу, көгілдір отын, жол, жайылымдық жер сияқты тіршілік теперіштері.

Әуелі Алтынсарин ауданының тұрғындарымен кездесуде біраз мәселе талқыланды. Ең алдымен сумен жабдықтау, аудандық автожолдар салу, жайылымдық жерлерді ұлғайту мәселелерін шешуден басталды. Дмитрев ауылдық округі – өңір басшысы ат шалдырған алғашқы елді мекен. Қарамағында үш ауылы бар округте қордаланған мәселе көп. Ең басты мәселе – жол.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше, биыл осы мәселелерді шешуге бюджеттен қомақты қаражат бөлініп отыр. Алтынсарин ауданының үш ауылын орталықтандырылған сумен жабдықтауға үш жыл ішінде 2.8 млрд теңге қарастырылмақ, қазіргі уақытта 833,5 млн теңге бөлінді.

Жайылымның жетіспеуі де жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр. Өңір басшысы округ әкіміне осы түйткілді дереу шешуді тапсырды. Қ. Ақсақалов ауылдықтардың басқа да мәселелеріне құлақ түрді.

— Елді мекендердің жолдары мен көшелерін жөндеуге 678,1 млн теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Біз агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда елеулі жұмыс атқаруға тиіспіз және 19 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Биыл осы бағытта 21 млрд.теңге сомасына 12 жоба жоспарланған, – деді өңір басшысы тұрғындармен кездесуде.