Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мереке қалай тойланбақ?

1 июня 2023 16:32 • 770 просмотров

Мемлекеттік қызметшілер биылғы төл мерекелерін қалай атап өтеді? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының кезекті брифнгінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Қабиева айтып берді.

Гүлмира Ақылбекқызы атап өткендей, сала мамандары жылдағы дәстүрмен мемлекеттік қызметшілердің арасында түрлі байқау ұйымдастыруды қолға алмақ. Аталған іс-шаралардың алғашқы сатысы басталып кеткен. Өз ісіне адал, халықпен ортақ тіл тапқан байыпты ауыл әкімдері арасындағы респубиликаға жолдама алған үміткердің аты-жөні бүгінде белгілі. Ол – Федоров ауданына қарасты Қамысты ауылдық округінің әкімі Болат Бексұлтанов. Үздік мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсетушілерді байқау талаптары да күшті. Елге адал еңбек етумен қоймай, эссе жазу арқылы өз ұстанымы мен келешектегі қоғамның дамуына ұсыныстарын жолдау қажет. Ол талаптан республикаға өткен үміткерлер бар, бірақ есімдері аталған жоқ.

«Ойға ой қосар жастар арасындағы байқаудың да қызық болары сөзсіз. Әр үміткер халық қалаулысы, әкім, ел ағасы бола қалған жағдайда қандай іс-шараларды қолға алу керектігін тәптіштейді. Бұл да болса еліміздің өркендеуіне сеп болар еді, – дейді спикер.

Мемлекеттік қызметшілердің арасында отбасы байқаулары да ұйымдастырылмақ. Балғын қылқалам шеберлерінің де өнеріне тәнті болғалы отырмыз. Олар өздерін мемлекеттің болашақ қызметшілері ретінде сезініп, ой-қиялдарын қағазға түсіреді.