Азаматтық қоғам мықты болса, мемлекет те мықтыболады

8 июня 2023 11:50 • 444 просмотров

Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтыққоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақытсұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғамқалыптастыру екенін түйсінер кез келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетіннығайта түсу керек. 

Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттердішешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамныңмүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктіңортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағыбелсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескеніс-қимылының маңыздылығын ұғамыз. Себебі азаматтыққоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардыңел игілігіне айналуының негізгі алғы шарттарының бірі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесін құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында құрылған кеңес – мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайту, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, этносаралық жанжалдың алдын алу сынды міндеттерді қоғамдық негізде іске асыру. Аймағымызда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылып, құрамы жергілікті қоғамдастықтардың ақсақалдарынан, қоғамдық, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдері және ауылшаруашылық, денсауылық сақтау саласының ардагерлері мен қоғамдық пікірдің басқа да көшбасшыларынан құрылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен мемлекеттік саясат пен еліміздің қоғам бірлігін нығайту бағытындағы мақсат-міндеттерін халыққа түсіндірумен айналысатын арнайы ақпараттық-насихат топтары құрылып, нәтижелі еңбек етуде. Бүгінгі таңда облысымыздың әр өңірлерінде тұрғындар арасында кең ауқымды кездесулер жүргізіп жатырмыз.

Міне, жақын арада Рудный қаласында осындай келелі кездесу болып, ақсақалдардың басы қосылып, алғашқы отырыс болды. Сол отырыста бір ауыздан мені ҚХА жанындағы Рудный қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде сайлап үлкен сенім білдірді. Маған жүктелген міндетті жоғарыда айтқан мемлекет басшысының тапсырмасын орындау азаматтық қоғам иниститтарының рөлін одан әрі арттыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі туралы ережеде бекітілген тапсырмаға сай жергілікті билік өкілдерімен бірлесе қызымет жасатйын боламын.

Жанбыршы ТЛЕУҒАБЫЛОВ, Қостанай облысы ҚХА жанындағы  Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Рудный қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы