Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бюджет қаржысын басқару

Облыстық бюджеттің атқарылуы және Қостанай облысының 2022 жылғы даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп 26 мамырда Облыстық мәслихат депутаты Серік Манасбаевтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралды.

Отырысқа Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов 2022 жылға арналған бюджетті атқару бойынша жұмыс бюджет заңнамасына жоспарланған өзгерістерді ескере отырып жүзеге асырылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта жаңа Бюджет кодексінің жобасы әзірленді, оның нормалары бюджет қаражатын басқарудан нәтижелерді басқаруға түбегейлі көшуді жүзеге асыруға бағытталған. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін бюджет процесінің барлық кезеңдерінде жауапкершілік артады. Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы мәселеде бірнеше түйінді жайттарды атап өтуге болады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша кіріс бөлігі 426,2 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда кірістер 50,8 млрд теңгеге өсті. Бірақ бюджет бойынша шығыс бөлігі 46,6 млрд теңгеге өсті. Бұл білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысының өсуіне байланысты. Бюджет тапшылығы жоспарланғаннан 4,7 млрд теңгеге төмендеді. 2022 жылы облыстық бюджет негізінен республикалық бюджеттен субвенциялар мен нысаналы трансферттер есебінен толықтырылды, бірақ өз табыстары да 6,1 млрд теңгеге өсті.

Сонымен қатар, облысты дамыту тұрғысынан оң үрдіс байқалады. Онда 3 бағыт, 9 мақсат белгіленген және 124 нысаналы индикатор бекітілген. Аудиторлық Палата жүргізген бағалау қорытындысы бойынша облыс 50 мүмкін балдан 43,55 балл жинады. Даму жоспарына сәйкес, «жан басына шаққандағы ЖӨӨ» көрсеткіші бойынша жоспар 13 пайызға артық орындалды, ауыл шаруашылығына инвестициялар жоспарланғаннан 7,0 млрд теңгеге артық салынды, тұрғын үйге қолжетімділік бойынша жоспарлар 0,05 пайыздық пунктке, «қалаларда сумен жабдықтауға қолжетімділік» индикаторы бойынша – 5,8 пайызға, ауылдық елді мекендерде – 5,8 пайызға артық орындалды 1,1 пайыз, облыста 2022 жылы жоспарланғаннан 2,3 есе көп жаңа жұмыс орындары құрылды.

Тексеру комиссиясының төрағасы Дмитрий Костюковтің айтуынша, 2022 жылдың 12 айында 17 аудиторлық іс – шара аяқталды, 83 объектіге шығу жүзеге асырылды, аудитпен қамтылған қаражат көлемі 155,9 млрд теңгені, оның ішінде облыстық бюджет қаражаты-112,1 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 15 материал құқық қорғау органдарына берілді, оның ішінде 1 материал бойынша 3 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды, 8 материал бұзушылықтарды қарау үшін уәкілетті органдарға берілді, оның ішінде әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік жүктелді.

2022 жылы жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу бойынша сындарлы басқару шешімдері қажет болатын біздің өңірдің қызмет салаларын белгіледі, оның себептерінің бірі құзыретті кадрлардың жетіспеушілігінде жатыр. Депутаттар қиын жағдайлардан шығудың нұсқаларын ұсына отырып, басқа да проблемалық мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) өзектілігі мерзімдерін ұзарту туралы пікір келіп түсті. Үш жылдан кейін олардың кейбіреулері талап етілмейді және оларды әзірлеуге жұмсалған ақша бюджетке қайтарылмайды.