Қостанай облысында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті. Оған облыс әкімі Құмар Ақсақалов бастап, өңірдегі барлық мекеме басшылары қатысты.
5 маусымда күні бойы жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары облыс тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, кез келген адам алдын ала жазылусыз және ешқандай кедергілерсіз тікелей аймақ басшысына жүгінді.
Бұл күні бас-аяғы 180-нен астам адам мемлекеттік қызметшілердің ақыл-кеңесіне жүгініп, көмек алды. Оның ішінде 52 өтінішті облыс әкімі жеке өзі қабылдады.
«Біз тоқсан сайын азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізу тәжірибесін енгіздік. Мен 52 бүгін адамды жеке өзім қабылдадым. Оң пікірлерді ескере отырып, бұл тәжірибе облыстың барлық қалалары мен аудандарына таралады және осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Тұрғындар қабылдау барысында түрлі мәселелер бойынша жүгінді: абаттандыру және ТКШ, бизнес жүргізу, денсаулық сақтау және тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Мысалы, көру қабілеті бұзылған Андрей Зелевский өңір басшысына тактильді плиткалар жасау жөніндегі өзінің жобасы туралы айтып, облыстың зағип тұрғындары үшін инфрақұрылым қажеттілігін талқылады.
Жалпы, іс-шараға қатысушылар бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясында диалог жүргізу үшін жақсы алаң екенін атап өтті.
Кездесу форматы тұрғындар үшін өте ыңғайлы, өйткені ол толғандыратын мәселелерді әуре-сарсаңсыз және бюрократиясыз шешуге мүмкіндік береді.
Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтыны, олардың барлығын тиісті сала мамандары қарайтыны және талқылайтыны ерекше атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, осындай шара Қостанайда ағымдағы жылдың ақпан айында өтті. Содан кейін біздің облыстың 200-ден астам тұрғыны кеңес алуға жүгінді.
Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды