Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңір экономикасында өсім бар

22 июня 2023 16:30 • 916 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

«Жыл басынан бері қысқамерзімді экономикалық индикатор 3,4%, орташа айлық еңбекақы 23% өсті. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 38,1%, өңдеу өнеркәсібінің – 21,8%, көліктің – 8,9%, құрылыс жұмыстарының – 6,7%, ауыл шаруашылығын – 4,1%, тұрғын үйді пайдалануға беру мен сауданың 3,5% өсуі қамтамасыз етілді», – деді Қ. Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Әкімнің айтуынша, 1,5 жыл бойы Қостанай облысында өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендегені байқалды.

«Қазір жағдайды тұрақтандырып, өндіріс көлемін біртіндеп арттырып келеміз. Осылайша, өнеркәсіп көлемі 2,6 пайызға ұлғайып, 1,1 трлн теңге болды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсуі машина жасау өндірісін 41%-ға, дайын металл бұйымдарын 12,2%-ға, тамақ өнімдерін 17,3%-ға, сусындар өндірісін 13,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Жеңіл және жүк автомобильдерінің, тракторлардың, комбайндардың, кондитерлік өнімдердің, май, ет, сүт, шұжық өнімдері мен ұн өндірісі ұлғайтылды», – деді Құмар Ақсақалов.

Жыл басынан бері Қостанай облысында 35 мыңнан астам автомобиль құрастырылды және 7,1 мың көлік экспортқа жіберілді. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты.

«Машина жасауда шығарылатын жеңіл автомобильдер модельдерінің желісі кеңейтіліп келеді. Республикада өндірілген барлық автокөліктің 61 проценті Қостанай облысында құрастырылған. Жыл басынан бері 35 мыңнан астам автомобиль құрастырылды, оның ішінде экспортқа жіберілгені – 7,1 мың көлік», – деді Қ. Ақсақалов елордада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, машина жасау саласында жаңа жобалар да іске асырылып келеді.

«Мысалы, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қуаттылығы жылына 30 мың көлік болатын, құны 23,4 млрд теңгеге жететін «Chevrolet Onix» автомобильдерін шағын тораптық өндіру жобасы бойынша белсенді жұмыс істеуде. Ол 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді өңір әкімі.

Сонымен бірге, облыстағы Индустриалды аймақта трактор кабиналарын шығаратын зауыт іске қосылады. Оған қоса, арнайы шынжыр табанды техника шығаратын зауыт құрылысын бастау жоспарланған.