Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Төрт мың адам қоныс аударды

22 июня 2023 11:30 • 2 109 просмотров

Қостанай облысына көшіп келген азаматтарға тұрғын үй сертификаттары беріледі. Қоныс аударушыларға жасалатын жаңа мүмкіндіктер туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтып берді.

«Соңғы 5 жылда, 2017 жылдан бастап, Қостанай облысына 6 мың адам көшіп келді. Оның 4 мыңы оңтүстік өңірлерден көшіп келсе, 2 мыңы – қандастарымыз. Барлығына мемлекет тарапынан тиісті көмек берілді, 70 минималдық есептік көрсеткіш бойынша әрбір отбасы мүшесіне төлем жасалды», – деді Қ. Ақсақалов елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Биылғы 1 қаңтардан бастап, облыста тұрғын үй сертификаты енгізілді. Көшіп келемін деген азаматтарға 4 млн теңгеге дейін сертификаттар беріледі.

«Бүгінге 176 отбасына осындай сертификат беруге қаражат дайындап отырмыз. Біраз азамат осы механизмді пайдаланды. Әрине, аймақта жаңа жұмыс орындарын ашамыз, қалада да, ауылда да біраз жұмыстар бар», – деді спикер.

Сонымен бірге, әкім шекара шебіндегі ауылдар мәселесі өте өзекті болып отырғанын айтты.

«Біздің облыста шекара маңында 20 шақты ауыл бар. Өкінішке орай, соңғы көші-қон әсерінен біраз адам көшіп кетті. Бірақ бұл ауылдар шекарада болғандықтан, олардың стратегиялық маңызы бар. Үкіметтің шекара маңындағы ауылдарды дамыту, қаражат бөлу жөнінде үлкен бағдарламасы бар. Өзіміз де облыстық бюджеттен ақша үнемделсе, ылғи осы ауылдарға беруге тырысамыз. Адамдар инфрақұрылым болмаса көшуге мәжбүр болады. Сол үшін ең алдымен жол салып, су тартып, емхана салып, мектептерді сақтап қалуға тырысамыз», – деді Құмар Ақсақалов.