Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Министр мәлімдеме жасады

6 июля 2023 15:20 • 402 просмотров

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев облысымыздағы жағдайға байланысты түсініктеме берді.

— Жәндіктердің шабуылын болжау мүмкін емес, бірақ ведомство уақытында әрекет етті, – деді министр.

Министрдің мәлімдеуінше, желіде тараған бейне шындыққа жанаспайды. Адамдарды адастыру үшін әдейі жасалған әрекет.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жанкелдин, Аманкелді, Науырзым аудандарындағы алқаптарға шегіртке шабуылдағанын хабарлаған едік. Кейін бұл қатарға Алтынсарин және Денисов аудандары қосылды. Шаруалар өткен демалыс күндері дабыл қаққан болатын. Министрлік алаңдарды өңдеу жөніндегі іс-шаралар үнемі бақылауда екенін мәлімдеп отыр.

— Біріншіден, 10–12 мың гектар жер туралы сөз жоқ, 500 гектар ғана зардап шекті. Біз мұның бәрін уақытында тоқтатып, қажетті жұмыстарды жүргіздік. Бейнежазба желі арқылы тарала бастады, біз қауіпті жеңдік, уақытында тоқтаттық, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.