Қостанай облысы полиция департаменті маңызды мәселелерді талқылау мақсатында «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының базасында ЖОО ректорларымен және колледж директорларымен кездесу өткізді.
Кездесуде Қостанай облысы полиция департаментінің бірінші орынбасары Алексей Милюк сөз сөйледі.
Қостанай облысы полиция департаментінің негізгі мақсаты қазіргі заманғы талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби полиция құру болып табылады.
Азаматтардың сенімін нығайту және адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету маңызды міндеттер болып табылады. Бұл тұрғыда төрт жылға созылатын пилоттық жоба болып табылатын үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру Тұжырымдамасы әзірленіп, іске асырылуда.
Тұжырымдаманың негізгі принциптеріне адам центризмі мен клиентке бағдарлану жатады. Бұл дегеніміз, полиция қызметкері қоғаммен тиімді қарым-қатынас жасай біліп, эмоционалды тұрақты болып және агрессияны азайту үшін психологиялық дағдыларға ие болуы керек. Ол сондай-ақ әрбір тұтынушы адамның өзіндік құндылықтары, қажеттіліктері, проблемалары, менталитеті және әлеуметтік-құқықтық мәртебесі бар екенін білуі керек және жеке көзқарасты қажет етеді.
Бұл ойды оқу ордасы басшыслары оң қабылдады. Алдағы уақытта серіктестік орнатып, бірге жұмыс істеуге шақырды. Ұсыныстары мен тілектерін білдірді.