Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары жылу желілерін жөндеу жұмыстарын бақылауда ұстайды.
Тұрақты комиссия отырысында халық қалаулылары Арқалық жылу желілерін қайта құру мәселелерін анықтады.
Комиссия отырысы барысында депутаттар жаңа жылыту маусымына дайындықтың егжей-тегжейін зерттеп, Рудныйдағы объектілерді қайта жаңартқаннан кейін жылу желілерінің тозу пайызын төмендетуге, мердігерлерден кепілдіктерге, техникалық қадағалау жүргізуге қатысты сұрақтарын белсенді түрде қойды.
— Қайта құрудан кейінгі тозудың төмендеуі 2% құрайды, оған 1,3 млрд теңге бөлінді, — деп жауап береді «Рудный жылу желілері» ЖШС бас инженері Самат Башпаев. Мердігерлік ұйымдар жергілікті, жақсы кәсіби тарихы бар екенін алға тартты.
— Қаржыландыру уақытында келіп түсті, қаражат та жеткілікті, жұмыс барысы тоқтаусыз өтіп жатыр ма?
— Бәрі ойдағыдай болып жатыр,- деп жауап қайтарды бас инженер. — ТЖ объектілері 1 тамызға таман, қалғандары 10 қыркүйекке дейін дайын болады. «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК директорының орынбасары Нұрлан Алиннің сөз сөйлеуі барысында Арқалықта жылу желілерін жөндеу бойынша бірқатар проблемалар бар екені, соның ішінде құбырларды уақтылы жеткізбеуі белгілі болды. Комиссия мүшелері халықтың жылыту үшін берешегі және Арқалықта бюджет қаражатының уақтылы түсуі мәселесін шешу қажеттігіне назар аударып, бұл мәселені тексеру комиссиясының алдында көтеру қажет деген ұсыныс шығарды.
Жөндеумен байланысты жағдайды жергілікті депутаттар, Рудныйда — Ерлан Әлкенов, Арқалықта — Абыл Есенов бақылауда ұстайды.
— Біз өткен жылғы апаттардың қайталануын қаламаймыз, — дейді Ерлан Әлкенов. — Биыл бізге барлық проблемаларды шешуге үлкен қаражат бөлінді. Мұны қыста жасамау үшін бәрін қазір шешкеніміз дұрыс.
Комиссия төрағасы Серік Манасбаев отырысты қорытындылай келе, жауапты басқармалар мен әкімдіктерге барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтап, 20 қыркүйекке дейін жылу беру маусымына дайындық туралы ақпарат беруді ұсынды. Сондай-ақ, сөз соңында депутаттардан қалаларға барып, жұмыс барысымен танысатын және объектілерді реконструкциялауды бақылайтын жұмыс комиссиясы құрылатынын хабарлады.
Василий Васильев