Қостанай облысында үйірлі шегірткелерге қатысты мониторинг жалғасып жатыр.
Мамандар зиянкестердің бар-жоғын анықтау үшін 2 млн гектардан астам жерді зерттеді. 409,3 мың гектер жерге дәрі себу керек деп танылып, 385,3 мың гектар алқапқа (94,1%) шегірткеге қарсы у себілді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жәндіктердің таралуы тіркелген жекелеген шаруа қожалықтарымен нақты жұмыс жүргізіліп жатыр.
Мәселен, Науырзым ауданындағы «Кошкодан С.И.» шаруа қожалығының зерттеу алаңы 3,7 мың гектарды құрайды. Шекара маңындағы аудандарды көшпелі шегіртке басуына байланысты осы аумақтың барлығын дәрілеу керек.
Шаруа қожалығының басшысы өз қаражаты есебінен 1,6 мың га, бюджет қаражаты есебінен 2,1 мың га жерді өңдеді. Химиялық өңдеуді жүргізу үшін авиатехника мен аэрозольді газ генераторы жұмылдырылды. 14 шілдедегі жағдай бойынша қорғаныс шаралары аяқталды. Егістерді бақылау тексерісі шаруа қожалығы басшысының қатысуымен жүргізілді. Егістікке зиянкестерден зақым келген жоқ.
Сонымен қатар, Жангелдин ауданында «Касенов Т.Г.» ш/қ мақсары егістіктеріне мониторинг жүргізу кезінде алқапқа аздап зақым келтіргені анықталды. Визуалды тексеру кезінде ақбөкендердің таптауынын келген зақым екені анықталды, бұған жануарлардың тұяқтарының іздері, жатқан жерлерінің орындары және тезектері дәлел болды.
Мақсары мен басқа өсімдіктердің барлық қалдықтарында ақбөкендердің қоректену белгілері, шегірткелерден зақымдану іздері табылған жоқ.
Сонымен қатар, бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған өңірде 10–20 мың га алқап шегірткеден зардап шеккені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Барлық өзекті және шынайы ақпарат мемлекеттік органдардың ресми веб-ресурстарында жарияланып отырады.
Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер ғаламтордан алынды