Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңірдің БАҚ өкілдеріне арналған медиафорум өтті

31 июля 2023 17:20 • 402 просмотров

Қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын жандандыру, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу және қоғамдағы өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру мақсатында Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Медиаэтика-заманауи медиа талабы» атты  облыстық медиафорум өткізілді.

Оған өңір журналистері мен жас студенттер қатысты. Бағдарламаға сәйкес әр маман өз тақырыбы бойынша ақпарат бере отырып, сұрақ-жауап түрінде топтық жұмыс жүргізді. 

Облыс әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының басшысы әрі модератор, Марат Журқабаев бағдарлама спикерлерін таныстыра отырып, БАҚ өкілдерінің этика мәселесіне тоқталып өтті. 

«Қазіргі уақытта БАҚ өкілдері этика,медиа мәселесіне аса назар аудару қажет. Өйткені, медиа бүгінде даму үрдісінде болғандықтан, оған сай этиканы сақтау абзал.

Журналистердің медиа сауаттылығы өте маңызды. Себебі, қазіргі таңда ақпаратты тексерместен жариялау, ақпараттық сауаттылықты назарға алмау, сол арқылы жеке адам мен этнос өкілдері тобына тіл тигізу жағдайлары арагідік көрініс тауып жатады»-дейді ол. 

Спикерлер бұл тақырыпта ойларын ашық білдіріп, елдегі тыныштық пен бірліктің өзегі ақпараттың шынайылығы, дәлдігі, жауапкершілігіне байланысты екенін нұсқап айтты. 

Журналист Полина Шиманская, БАҚ-тың және әлеуметтік желінің рөлі туралы ой қозғап, ұсыныс-пікірлерін кейбір мысалдармен түсіндірді. Ал, «Bugin.kz» корреспонденті Қуаныш Есқабыл өз тәжірибесімен бөлісіп, фейк ақпаратпен жұмыс істеудің қыр-сырын үйретіп, көшбасшы журналист болудың жолдарымен бөлісті.

«Ақпарат саласы дамып, көбінесе ақпараттың қайсысы ақиқат не жалған екенін анықтау оңайға соқпайды. Кәсіби журналист ақпараттың аражігін ажырата білу қажет. Оқырмандарға таратылатын ақпарат әрдайым нақты,дәл фактілермен айқындалып, опертивті түрде жеткізілу қажет. Әр журналистің міндеті – ақпараттардың қоғамға, адамдарға зияны тимейтіндей етіп, зерттеп, зерделеп, дереккөзін анықтап, ақпараттың не мақсатта таратылып отырғанына көз жеткізіп барып жариялау»- дейді медиа тренер Қуаныш Есқабыл.     

Дильназ Изделюева