Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Beeline компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадинмен кездесу өткізді. Тараптар кездесу барысында өңірдегі ұялы байланыс пен интернеттің ахуалы туралы сөйлесті.
Бүгінгі таңда облыстың 517 ауылының ішінен 331-де сапалы байланыс, қалған 186-да сапасыз, оның ішінде 33-і тіпті байланыс жоқ.
Қостанай облысының әкімі мен Beeline компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин алдағы 3 жылда Beeline компаниясымен бірлесіп 174 ауылды 4G стандартының сапалы мобильді интернетімен қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойды.
Байланыс операторы базалық станцияларды орнатуға – 3,5 млрд теңге, антенналарды тұрғызуға 4,2 млрд теңге инвестициялайтын болады. 2024 жылы 50 ауылда антенналардың құрылысы басталады. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 4G мобильді интернет деңгейі 2026 жылдың соңына қарай 100% жеткізілмек.