Қостанай қаласының 144 жылдығын мерекелеу кезінде «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағы берілгені белгілі. Өкінішке орай, лауреаттарының бірі мерекеге қатыса алмады. Атақты тұлғаны құттықтау мақсатында Қостанай обылсының әкімі Қ. Ақсақалов оның үйіне барды.
Иван Гаранин көрнекті спортшы, 1974 жылғы Швециядағы шаңғы жарысынан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1972 жылғы Саппоро Олимпиадасының қатысушысы, 1976 жылғы Инсбрук олимпиадасының екі дүркін қола жүлдегері, бірқатар супермарафондардың жеңімпазы.
Тарихта аты аңызға айналған Васалоппеттегі шаңғы жарысында жеңіске жеткен жалғыз кеңестік шаңғышы. Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен және оларда медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы. Халықаралық шаңғы қауымдастығының комитеті 20 ғасырдың ең жақсы шаңғышысы ретінде танылды. Спортты дамытуға қосқан зор үлесі және өз Отаны-Қазақстанға деген адалдығы үшін «Парасат»орденімен марапатталған.
«Мұндай тұлғалардың жас ұрпаққа үлгі болары анық. Олардың жетістіктері болашақ чемпиондар үшін үлгі,» – деп атап өтті облыс басшысы.