Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тамыз кеңесі өтті

31 августа 2023 14:20 • 340 просмотров

Қостанайда еліміздің әр өңірінен келген ұстаздар қауымы бас қосты. Олар екі күн бойы республикалық тамыз кеңесінің секциялық және пленарлық отырыста инклюзивті және арнайы білім беру мәселелерін талқылаған болатын.

«Біздің облыста ерекше қажеттіліктері бар балалар саны артып келеді, соған сай біз балаларға кешенді көмек көрсетуіміз қажет. Іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен «Қазақстан халқына» Қорының қолдауының арқасында облыстың 4 арнаулы мектебі қажетті жабдықтарды алды, ауылдық мектептерде 20 робототехника кабинеті ашылды. Тағы 4 мектепті жаңғырту жоспарлануда», – деп атап өтті Қостанай обылсының әкімі Құмар Ақсақалов.

Жалпы, ағымдағы жылы қаржыландыру 178,5 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18% артық (2022 жылы-151,8 млрд теңге). Қостанай облысының әкімдігі осы саланы жетілдіру және барлық балалардың тең білім алуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейтетін болады.