Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Лисаков тұрғындарымен кездесті

1 сентября 2023 11:29 • 302 просмотров

Мемлекет басшысының моноқалаларды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Лисаков қаласында ауқымды жұмыс атқарылуда.

Биыл бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 12 млрд теңгеден асып, өткен жылғы бюджеттен 48% – ға асты. Осы соманың 2 млрд теңгеден астамы жылу желілерін жаңғыртуға бағытталды және бұл процесті ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың Лисаков қаласының тұғындарымен кездесуде айтылды.

Жекелеген сомалар автожол саласын қолдауға, сумен жабдықтауды жақсартуға, сондай-ақ білім беруге бөлінді. Денсаулық сақтау саласына шамамен 763 млн теңге қарастырылды, оның 595 млн теңгесі Октябрьский кентінде дәрігерлік амбулатория салуға бағытталды. Жобаға сәйкес, ауданы 680 м2 болатын бір қабатты ғимарат салу жоспарлануда, ол қажетті инженерлік желілермен жабдықталып, абаттандырылады.

–2023 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша облыстық барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қатысты оң динамика тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер өңдеу өнеркәсібіне, негізгі капиталға салынған инвестицияларға және құрылыс жұмыстарына тиесілі. Өңдеу өнеркәсібінде, атап айтқанда машина жасауда және металл, азық-түлік өнімдерді шығаруда айтарлықтай өсім байқалады. Облыс бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 45%-ке өсті. Былтыр облыс бюджеті 441 млрд теңге болса, биыл 642 млрд теңгені құрап отыр. Жыл басынан бері облыста 12,6 мың жұмыс орны ашылды, – деді өз баяндамасында облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Инвестиция тарту облыс экономикасының басым бағыттарының бірі болып табылады.Бұл салада белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, ағымдағы жылы индустриялық аймақ аумағында 2 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында 23 өнеркәсіптік сүт-тауар фермасын салу жоспарланған, 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады, 105 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылатын болады.

Сонымен қатар, аймақ басшысы облыстағы жол сапасына тоқталып өтті.

— Ағымдағы жылы автожол саласының бюджеті 55,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 30%-ке артық. Биыл 700 шақырым автожол және 94 елді мекенде 299 көше жөнделеді. Бүгінгі таңда ұзындығы 352 шақырым жолға асфальт төселді. Осы жұмыстар аясында 133 көше жөнделді, – деді өңір басшысы.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 85%-тен 87%-ке дейін жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, бір уақытта 7 әуе кемесін қабылдай алатын, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік беретін әуежай ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Құрылыс саласы – өңір экономикасында тұрақты өсіп келе жатқан саланың бірі. Өткен жылы, жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, «Отбасы банк» АҚ-мен бірге «Қостанай жастары» жеңілдікпен несие беру бағдарламасы басталды.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, осы жылы бағдарламаның географиясы кеңейіп, қаржыландыру сомасы 3 есеге ұлғайды. Биыл 2,1 млрд теңге қаражат бөлінді, кемінде 140 отбасыны пәтермен қамту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, кездесу барысында Лисаков тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, облыс әкімінің жауабын тыңдады. Маңызды мәселелердің бірі – қаланың инженерлік желілері.

Лисаков қаласын сумен жабдықтауға 2023 жылы 1,3 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдан 1,5 есе көп. Лисаков қаласындағы қысым құбырын қайта жаңарту жобасын іске асыруға ағымдағы жылы 385,5 млн теңге мөлшерінде сома бөлінді. Жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталған. Құбырды реконструкциялау ұзақтығы 9,5 шақырымды құрайды, бүгінгі күні 7,6 шақырым төселген. Ағымдағы жылы жұмысты аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 200 млн.теңгеден астам сомаға «Лисаков қ. Октябрь кентінің шаруашылық су құбырын салу» жобасы іске асырылуда. Құбыр құрылысының ұзақтығы 5,3 км. Бүгінгі таңда шамамен 25 пайызы төселген.

— Лисаков қаласының білім беру саласын дамытуға ағымдағы жылы көбірек қаржы бөлінді. Биыл ағымдағы жөндеу мен материалдық-техникалық базаны нығайтуға 92 млн теңге жоспарланған. Екі нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған нысандарда жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, – деп атап өтті өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Лисаковтың денсаулық сақтау саласын дамытуға 763 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде 595 млн теңге Октябрьский ауылында дәрігерлік амбулатория салуға бағытталды. Жобада қажетті инженерлік желілер мен абаттандыруды жүргізе отырып, ауданы 680 м2 бір қабатты ғимарат салу көзделген. Бір аусымда жалпы саны 50 адамды емдейтін болады. Бүгінгі күні шұңқыры қазылып, бетон төселді. Құрылысты ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Тұрғындарды әлеуметтік сала да толғандырады. Мәселен, олар биыл спортқа қаншалықты көңіл бөлінгенін сұрады. Облыс әкімінің жауабына сүйенсек, 2023 жылы спорт саласын қаржыландыру көлемі 7,2 млрд теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы бюджет есебінен ауылдық жерлерде 3,0 млрд теңгеден астам сомаға 10 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 9 спорт кешені және 1 жабық ат манежі, 2 нысан пайдалануға берілді, биыл 6 нысанның құрылысы аяқталады, 2 жоба келесі жылға берілген. Болашақта облыстың барлық аудандары мен қалаларында жылы өтетін дәліздері бар жабық хоккей корттарын салу жоспарлануда.

Бүгінде бұқаралық спортпен 340 мыңнан астам адам немесе халықтың 40%-і қамтылған. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 17,0%-ке өсті. Қазіргі уақытта мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде 5,5 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер жеке тегін спорт секцияларында сабақтармен қамтамасыз етілді, оған бюджеттен 1,0 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың соңына дейін белсенді бұқаралық спортпен облыс тұрғындарының кемінде 42% қамтылатын болады.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды