Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жолдар бақылауда

11 сентября 2023 12:51 • 341 просмотров

Облыста 528 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі 299 көше учаскелері жөнделеді. Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар өңір үшін маңызды тақырыптардың бірі – жол құрылысы мен жөндеу мәселесін талқылады.

Сайланған халық өкілдерінің бірінші талқылаған мәселесі Қостанай облысының көлік инфрақұрылымын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары болды.

Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Болат Сейдахметов автомобиль жолдарын жөндеу, реконструкциялау және салу бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Жол саласының 2023 жылғы бюджеті барлық бағдарламалар бойынша 41,3 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,5 млрд теңге, облыстық бюджеттен – 39,8 млрд теңге. Елді мекендердегі 528 шақырым жергілікті маңызы бар жолды және 299 көше учаскесін жөндеу жоспарлануда.

— Жылдың үшінші тоқсаны болды, бүгінгі күнге жұмыстың қанша пайызы орындалды? — деп сұрады депутат Қырмызы Жаңбыршина атқарылған жұмыстардың көлемі жайында.

Жұмыстың 65 пайызы орындалды деген жауап келді. Бірінші кезекте — 1 қазанға дейін асфальт төсеу. Ағымдағы жылға жоспарланған барлық жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталады, деп сендірді Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Комиссия отырысының күн тәртібіндегі екінші мәселе Сарыкөл және Қарасу аудандарындағы жол құрылысын ұйымдастыруға қатысты болды. Депутаттар Сарыкөл ауданында бюджеттен ақша бөлініп тұрған бетте мердігерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының бірнеше рет өтпегеніне назар аударды.
«Жарыс уақытылы өтуі керек», — деп аңғартты депутат Қайрат Оспанов.

Халық өкілдері Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары Жанат Жиенбаевқа келесі жылы мердігерлер жұмысты тиімді атқарып, тек қаржыны ғана игеруге асықпау үшін, жол құрылысына қаржыны уақытында бөлу туралы бюджеттік өтінімді жолдауды ұсынды.

Отырыста жол жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын тексеру мәселесі бөлек көтерілді. Депутаттар көптеген заң бұзушылықтардың жүйелі түрде анықталатынын атап өтті.

-Өрескел заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайлар бола тұрып, сонда да атқарылған жұмыстар қабылданған жәйттер орын алуды, — деп атап өтті Қостанай облыстық мәслихатының облыстың бюджет және экономикалық даму жөніндегі комиссиясының төрағасы Серік Манасбаев. — Мен және менің әріптестерім Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың (ҰҚАО) оң қорытындысынан кейін жұмысты қабылдау туралы ұсыныс әзірлейміз. Менің ойымша, бұл дұрыс болады.