Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Инвестициялық жобалар жүзеге асуда

14 сентября 2023 15:30 • 347 просмотров

Мемлекет басшысы Жолдауда ет, сүт және астықты терең өңдеуге баса назар аудара отырып, қуатты экономикалық серпіліс қажеттігін атап өтті. Бұл салада жаңа жұмыс орындарын құруға және өз бизнесін дамытуға ықпал ететін инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Солардың жарқын үлгісі ретінде Бейімбет Майлин ауданындағы ірі инвестициялық жобаларды атаса болады. Ауқымды жобаның бірі – көкөніс қоймасының құрылысы. «Green Terra» ЖШС жобасының құны – 1 млрд теңге. Қойма 6 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік беріп, онда 12 адам тұрақты жұмысқа қабылданады. Нәтижесінде бағаны ішінара өндірілген көкөністерді сақтай отырып тұрақтандыруға болады.

Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Соңғы үлгідегі желдету жабдықтары сатып алынған. Келер жылы тағы екі қойманың құрылысы басталады. Олардың әрқайсының сыйымдылығы – 4 мың тонна. Өңір басшысы баяндамасында ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Бағаның өсуі ішінара өндірілген көкөністерді сақтай алмаудан туындайды. Бұл мәселе шұғыл шешімді қажет етеді. Биыл Б. Майлин ауданында 6 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын пайдалануға беру жоспарлануда. 2024 жылға тағы екеуінің құрылысы жоспарланған, олардың әрқайсысының сыйымдылығы 4 мың тонна, барлығы климаттық бақылау жүйесімен қамтылатын болады.

Тағы бір жоба ретінде осы аудандағы құс фабрикасын қайта құруға «Qarqyn Qus› ЖШС ниет білдірген. 2021 жылы жобалық-құндық құжат әзірленген. Келер жылдың маусым айынан құрылыс жұмысын бастап, 2025 жылдың желтоқсан айында іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов ауданда мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың аз екенін айтты.

— Мал шаруашылығымен айналысатындар саусақпен санарлық. Миллион гектар жер бос жатыр. Біз болсақ мал етін, сүтті, құс етін, тағы басқа өнімдерді сырттан әкеліп, халықты импортқа тәуелді етіп қойдық. Өзімізде бар фабрикалар қаңырап тұр. Жер иеленіп отырған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мал шаруашылығымен мықтап айналысуы керек. Мемлекет тарапынан тиісті көмектер болады. Сіздердің міндеттеріңіз – мал шаруашылығын дамытып, жұмыс орындарын құру, – деп нақтылады Қ. Ақсақалов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Б. Майлин ауданында әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту бойынша шаралар белсенді жүзеге асырылуда. Биыл бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 8,7 млрд теңге, бұл өткен жылғы бюджеттен 52,6% – ға артық.

Қаражатқа ауданның әлеуметтік нысандарының инфрақұрылымы, құрылысы мен жөндеуі жақсартылатын болады. Сондай-ақ, ауылдардың дамуы назарда. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шешуші рөл атқаратынын айта кеткен жөн.

АШТӨ қызметінің басым бағыттары қызметкерлері үшін баспана салу, жеке өндірістік алаңдарды ретке келтіру, сондай-ақ ауылдық жерлерге қолайлы жағдай жасаулары тиіс.

Бұдан соң аудан халқымен есептік кездесу өткізген өңір басшысы әр салаға жеке тоқталып, мәлімет берді. Білім, спорт, денсаулық пен мәдениет саласында атқарылатын жұмыстар ауқымды. Тұрғындар тарапынан да сауал аз болған жоқ. Жергілікті жұрт ауылдағы түрлі проблеманы көтерді.