Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Арқалық – инвестицияға қолайлы аймақ

15 сентября 2023 14:21 • 388 просмотров

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау шеңберінде 31 тамызда Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов Арқалық қаласы тұрғындарымен кездесті.

Арқалық – инвестицияға қолайлы аймақтардың қатарында. Есепті күнге «Өнеркәсіп» саласында жалпы құны 340 млрд теңгеге жуық және 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 2 инвестициялық жоба (Маятас кластерінің кен орнын геологиялық зерттеу және тау-кен байыту комбинатын салу» және «Арқалық қаласында қуаты 48 МВт жел электр станциясын салу» жобасы) жүзеге асырылуда.

Өңдеу секторын дамыту үшін 194 млн теңгеге 39 жұмыс орнын аша отырып 2 инвестициялық жоба іске асырылды. Аграрлық – өнеркәсіп саласында 69 жұмыс орнын құра отырып, 2 млрд. 500 млн теңгеден астам сомаға 5 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Жалпы, биыл Арқалық қаласын дамытуға бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,4 есеге артық.

Соның 2 млрд 256 млн теңгесі қала тұрғындарын сумен қамтуға бағытталған 7 жобаны жүзеге асыруға жұмсалмақ. Ал жылу жүйелерін қалпына келтіруге 4 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.