Қостанай облысы әкімдігінде IT-саланы дамыту жөніндегі жаңа міндеттер мәселесі қаралды. Бұл мәселе бойынша облыс әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев баяндап берді.
Бүгінгі күні өңірдегі барлық салада цифрландыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және халыққа қызмет көрсету салаларында автоматтандыру жүйесі іске қосылған.
Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиевтің сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда бұған қоса IT саласын дамыту шеңберінде білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау маңызды болып отыр.
— Кадрларды даярлауды облыстың 4 жоғары оқу орны мен 14 колледжі жүргізеді. 5 жыл ішінде IT-мамандықтар бойынша 2 300-ге жуық адам шығарылды, оның 85% – ы жұмысқа орналастырылды. IT саласы тез өзгеріп жатқанын түсіну керек, сондықтан мамандар үнемі біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өтіп, білім деңгейін арттыруы қажет, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ осы мәселе бойынша сөз «Кас Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының міндетін атқарушы Алтынай Алиева мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейтбек Қуанышбаев та баяндама жасады.
— Жаңа замандағы мамандықтарға сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім беру бағдарламалары әзірленді. Мысалы, бағдарламалық жабдықтау, киберфизика, IT-менеджментті роботтандыру, пилотсыз аппараттар, жасанды интеллектпен жүктелген жоғары ақпараттық жүйелер және т. б. Жасанды интеллекттің негізгі бағыттарын оқытуға назар аударамыз, – деді Сейтбек Қуанышбаев.
Сондай-ақ облыстың жоғары оқу орындарына жыл соңына дейін шетелдік университеттермен бірлескен IT-факультеттер немесе жасанды интеллект бойынша ғылыми-білім беру алаңдарын ашу мәселесі қаралып отыр. ЖОО аралық ынтымақтастық жөніндегі тұжырымдама ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін бекітілмек.
— Жоғары оқу орындарының басшылығы мен білім басқармасы жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуі қажет. Қазіргі уақытта ТжКБ оқушылары мен студенттерінің халықаралық және республикалық олимпиадаларға қатысуының оң үрдісі байқалады. «ОЗАТ» мамандандырылған мектебінің жетістіктері қуантады. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру, білім беру ұйымдарының кәсіптік бағдарлау қызметін барынша қолдау қажет. Жас ұрпақ арасында өзінің І-мәдениетін дамыту қажет. Ақпараттандыру басқармасына білім басқармасымен бірлесіп оқушылар мен студенттер арасында Облыстықт-фестиваль өткізу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бұл фестиваль жыл сайын өтуі тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы Құмар Ақсақалов.
Облыстағы цифрландыру процестері өмірдің барлық салаларына қамтып отыр. Цифрландыру элементтерін енгізу бойынша көптеген табысты жобаларды атап өтуге болады. Осындай жарқын мысалдардың бірі – «Жас-Қанат 2006» ЖШС. Кәсіпорын цифрландыруды енгізе отырып жаңғыртудың үш кезеңінен өтті. Бұл процестерді цифрландыру еңбек өнімділігін 2 есе арттырды, өнімнің өзіндік құнын, жем шығынын азайтты, құрама жем өндіру көлемін және құс басының сақталуын арттырды.
Қоғамдық көлік саласында да айтарлықтай оң өзгеріс бар. Қостанай қаласының маршруттарында жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі енгізілді. Барлық 260 автобус POS-терминалдармен жабдықталған. Қазіргі уақытта барлық маршруттарда сараланған тариф қолданылады, қолма-қол төлеу кезінде 170 теңге, қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 100 теңге).
Электрондық жол ақысын енгізу көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шарасы және қалалық қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу кезінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасады. Ағымдағы жылы Рудный, Тобыл, Арқалық қалаларында жол ақысын электронды түрде төлеу іске қосылмақ.
Облыс бойынша қызметтердің ең көп саны денсаулық сақтау саласында көрсетіледі. 2023 жылдың 8 айында 5,3 млн.астам қызмет көрсетілді, оның 99% – ы-электронды түрде және «DamuMed» мобильді қосымшасы арқылы тіркелген.
Қазір азаматтар үйден шықпай-ақ онлайн режимінде жазыла алады, ағымдағы жылдың 8 айында бұл қызметке шамамен 3,8 миллион рет жүгінген. Қазір денсаулық сақтау саласында 4 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда: еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ пен анықтама беру, алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту, көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру.
— Өткен айда біз «Қазақтелеком» АҚ және Beeline – Қазақстан басшылығымен кездестік. Алдағы 3 жылда аталған байланыс операторлары облысымыздың телекоммуникация саласына шамамен 10 млрд теңге салады. Біздің тарапымыздан тиісті инфрақұрылымды (антенналар салу, электр желілерін жеткізу және т. б.) құратын боламыз.
Бірлескен іс-шаралардың нәтижелері бойынша біз облыс бойынша 2026 жылға қарай 4G мобильді интернетті 100% қамтуға қол жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деп сөзін түйіндеді облыс әкім.