Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Қонай»: қатаң бақылауда

15 сентября 2023 10:03 • 369 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қонай шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.

Өңір басшысы шағын аудандағы мәселелер шешімін тапқанша ай сайын арнайы келіп тұруға уәде еткен болатын. Бұл жолы бір ай бұрын көтерілген көптеген күрделі мәселелердің біртіндеп шешімін тауып жатқанына куә болдық.

Дегенмен, тұрғындарды алаңдатын сұрақтар әлі бар. Мәселен, газбен жабдықтау, абаттандыру және техникалық құрылғылар мәселесімен бірге, мектеп құрылысының да баяу жүріп жатқаны тұрғындар үшін шешімін таппай келе жатқан сұрақ. Көгілдір отын мәселесін іргедегі ескі Қонайдан да келіп көтерген азаматтар болды.

Қала әкімі Марат Жүндібаевтың айтуынша, газ осы жылдың аяғына дейін тартылуы тиіс.

Тізбектей берсе, тұрғындардың шағымы көп. Қоғамдық көлік, құрылыс сапасы, ұялы байланыс сияқты тұрмыстық сұрақтар әлі де бар. Өңір басшысы келер айда да кездесуге келетінін айтты. Туындаған мәселеге түсіністікпен қарап отырған тұрғындарға алғысын білдірді.

— Мәселе көп еді. Қазір біразының шешілгенін көріп отырмыз. Басында көп жағдай өзімізге де түсініксіз еді. Енді жұмыс істеу бағытын айқындадық. Рет-ретімен бәрі болады. Мектеп құрылысына да жер анықталды. Мұғалімдер табамыз. Үшінші тоқсанда мектепті пайдалауға береміз. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» жобасы бойныша тағы бір мектеп осы ауданда салынады. Ойымша екі мектеп жеткілікті. Жол мәселесіне қатысты ақпаратты естідіңіздер. Қаржы бөлінген, кедергі жоқ. Жарықтандыру мәселелесі де оң шешімін тауып отыр. Ешқандай көше жарықсыз қалмайды. Бірқатар тапсырма берілді. Алдағы айда келгенде, нәтижесін байқайтын боламыз, – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.