Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қол жетімділік пен бейімділік қажет

18 сентября 2023 14:30 • 422 просмотров

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорттық база құру идеясын қолдады.

Бірнеше жылдан бері мүмкіндігі шектеулі қостанайлық спортшылар барлық паралимпиадалық спорт түрлерінің өкілдері қатыса алатын жаттығулар үшін өздерінің спорттық базасының қажеттілігі туралы айтып келеді. Бүгінгі таңда оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру үшін бейімделген үй-жайларды, сондай-ақ спорт залдарын жалға алу керек, бұл спортшылардың нәтижелеріне теріс әсер етеді. Қыркүйек айының басында мониторингтік топ құрылды, оған депутаттар Махаббат Жутаев, Аруна Жақсағұлова, Александра Серғазинова, Ғайния Есеева, Динара Ахметова, Әділ Карибов, Евгений Сотников кірді. Топ мүшелері Қостанай мүгедектер спорт клубының орынбасары Григорий Зиберовпен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандар айналысатын Қостанай спорт нысандарына барды.  

Халық қалаулылары ескі нысандар – спорт залдарында, Қадырбек Оспанов атындағы № 1 БЖСМ – де,сонымен қатар жаңа нысандарда — олимпиадалық резерв бассейнінде, шаңғы базасында болып қайтты.

Сондай-ақ, депутаттар «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына және балалар шығармашылығы мектебіне барды. Барлық объектілер, мониторингтік топ, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін толық бейімделген деп танылмады, ал спортпен шұғылдану үшін жағдайлар нормаларға сәйкес емес деп танылды. Бұл мәселені халық қалаулылары Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында қарады.

— Пара оқ ату жарысы залында  жағдай мәз емес, қыстың келуімен спортшылар сол жерде әбден тоңып қалуы мүмкін, — деп атап өтті депутат Әділ Карибов. — Бұл ретте параспортшылар көбінесе дені сау адамдарға қарағанда үлкен ықыласпен жаттығады. Менің ойымша, оларға жеке спорт кешені қажет. Әріптесін депутат Евгений Сотников қолдады:

— Жаттықтырушылардың, спортшылардың жалақысын және  техникалық жабдықтарға қаражат бөлуді арттыру қажет, — деді Евгений Сотников. — Паралимпиадашылар үшін жеке кешен салу керек, сол кезде олардың нәтижелері одан да жақсы болатынына сенімдімін. Бірнеше жылдардан кейін спорт орынның  құны өтеледі, ал жалға берілетін залдардың құны жыл сайын тек өсе беретіні анық.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар бірнеше ұсынымдар жасады.  Дене шынықтыру және спорт басқармасына Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенін салу мәселесін қолға алып, сондай-ақ облыстың барлық спорт залдарын арбалы мүгедектерге қол жетімді етіп, оларды бірінші қабаттарға ауыстыру мүмкіндігі қаралуын ұсынды, сонымен қатар, паралимпиадашыларға ыңғайлы болу үшін жеке жаттығу кестесі керектігін айтты.