Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанай халқына көмек

21 сентября 2023 16:40 • 348 просмотров

Қостанай облысына «Қазақстан халқына» қорының басқарушы директоры София Айсағалиева келді.

Сапар барысында депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

— Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты Қор өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, депутаттық корпус, бизнес, үкіметтік емес сектор өкілдерінің арасында қайырымдылық саласын дамытатын тиімді жұмыс моделін құру. Қор екі бағытта жұмыс істейді – біріншісі, нақты жекелеген көмек көрсету және екіншісі, даму бағдарламаларын іске асыру. Қостанай облысы әкімдігі атынан, Қорға 2022 жылы көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамыз. Басқармасының шешімінің арқасында өрт кезінде үш баласынан айырылған отбасына тұрғын үй сатып алынды, өткен жылдың қыркүйек айында төтенше жағдай кезінде үлкен көмек көрсетілді, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру жақсарды. Өз кезегінде, біз жергілікті атқарушы органдар ретінде де осы бағытта белгілі бір жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 8 ауру бойынша 30 науқас үшін 45 дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, мамандандырылған тамақтануды сатып алу үшін тегін дәрілік көмек көрсетуге 146,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 7 орфандық ауру, – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхамедқали.

София Айсағалиева атап өткендей, Қостанай облысында жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 16 қайырымдылық жоба мен бағдарлама іске асырылуда, оның ішінде 3,2 млрд теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді, 1,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарлануда.

–7 тамыздан бастап қор коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) арасында сауалнама жүргізді, оған коммерциялық емес ұйымдардың 1200 өкілі қатысып, Қордың қызметіне кешенді баға берді. 15 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында қор денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт және мәдениет салалары бойынша 1000-нан астам КЕҰ-ның қатысуымен 21 тақырыптық онлайн zoom-кездесу өткізді, онда жұртшылықты толғандыратын мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары және қордың қатысуы бойынша 100-ден астам ұсыныс айтылды», – дейді София Айсағалиева.