Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы облыстық білім және денсаулық сақтау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

25 сентября 2023 15:00 • 315 просмотров

Кеңестің медициналық мекемелердің кредиторлық берешегін өтеу үшін қосымша бюджет қаражатын бөлу бойынша жүргізген жұмысы нәтижесінде, мәселе тудырған 728,7 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлу туралы оң шешім қабылданды.


Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 31 шілдесінде «AMANAT» партиясның Қостанай облыстық филиалында өткен өңірлік кеңестің отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляеваның қатысуымен өңірдің медициналық ұйымдарының қалыптасқан кредиторлық берешегі, Денсаулық сақтау мәселелері талқыланды.
Медициналық қызметтерге тарифтердің жыл сайынғы өсуі, медициналық ұйымдарды жүйелі түрде жеткіліксіз қаржыландыру нәтижесінде облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 702,8 млн.теңге сомасында дәрі-дәрмектер мен өзге де шығыстар бойынша мерзімі өткен берешек қалыптасты, бұл өңірдің бірқатар медициналық мекемелерінің қызметкерлеріне жалақы төлемеу қаупін туғызды.
«AMANAT» партиясы филиалының жанындағы Өңірлік Кеңес облыстық бюджет комиссиясының қарауына және Қостанай облыстық мәслихатына жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру бөлу туралы өтінішхат жолдады.
Бүгінгі күні облыстың бюджет комиссиясы, жергілікті мәслихат депутаттары аймақтың медициналық мекемелерінің кредиторлық берешегін бұрын көрсетілген сомада өтеу үшін қосымша бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» аймақтық бағдарламасында медицина саласына көп көңіл бөлінеді. 2027 жылға дейін 27 Денсаулық сақтау нысанын салу, медициналық ұйымдарға 31,6 млрд.теңге сомасына медициналық жабдықтар сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарына жыл сайын кемінде 100 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру жоспарланған.