Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шаруалар қолдаусыз қалмайды

28 сентября 2023 10:30 • 269 просмотров

Қыркүйектің жаңбырлы күндері жиі айналып соғып, диқандар қауымының берекесін алып тұр. Құрғақшылықтан аман қалған астықты шашпай-төкпей жинап алудың қамында жүргендер бұлт арасынан күн сығаласа қуанып қалады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысына келіп, агроқұрылымдардың басшыларымен кездесіп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Биылғы жылы аймақтың егістіктері қатты жаңбырдан зардап шекті. Қолайсыз ауа-райына байланысты жаңа дақылдың астық сапасы нашарлады. Облыстағы негізгі көлем сыныпсыз бидай болып табылады.

Агроқұрылымдардың басшыларымен кездескен ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров ешкім қолдаусыз қалмайтынын айтты. Аймақта салыстырмалы түрде тұрақты ауа-райы қалыптасты. Фермерлер жедел қарқынмен жұмыс істеуде.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Үкімет оның салдарын азайту үшін ұсынылған шараларды қолдады. «Бәйтерек» ҰБХ айыппұл санкцияларын қолданбай, қарыздарды ұзарту мәселесін шешті. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға қосымша қаражат бөлу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Қостанай облысына тағы 16,9 млрд теңге қажет», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Қостанай өңірі астықты аймақ бола тұра биыл жергілікті қамбаларға құйылатын дәнді дақыл жылдағыдан үш-төрт есеге аз. Саладағы көрсеткіштің бұлайша құлдырауына көктемгі ылғалдың аздығы мен жаздағы құрғақшылық себеп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрғақшылықтан зардап шеккен диқандарға көмек көрсету бойынша арнайы комиссия құруды тапсырғаны мәлім. Соған орай қазіргі күні аймақтардан өтінімдер қабылданып жатыр.