Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың Сарыкөл ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Тұрғындармен кездесуде абаттандыру, жылу және сумен жабдықтау, жол құрылысы, жемшөп дайындау және т. б. маңызды мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында үш жыл ішінде АӨК-дегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70% – ға дейін арттыру міндетін қойғаны белгілі . Қазіргі уақытта Сарыкөл ауданында АӨК саласында 2026 жылға дейін 156 жаңа жұмыс орнымен қамтылған 14 млрд теңгеден астам сомаға 25 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде 1,5 млрд теңгеге 9 инвестициялық жоба биыл аяқталады.
Осы жылдың көктемінде Сарыкөл ауданының тұрғындарымен кездесуде әкім жергілікті АШТӨ өз қызметкерлері үшін үйлер салу және жас кадрларды тарту туралы мәселені көтерген болатын.
— Көктемде Сарыкөл ауданының тұрғындарымен кездесуде жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлері үшін тұрғын үй салу және жас мамандарды тартуға қатысты мәселе көтерілген болатын. Қазіргі уақытта Сорочин ауылында осымен екінші қоспәтерлі үйдің құрылысы аяқталуға даяу. Алдағы уақытта тағы 20 үй салу жоспарлануда. Тимирязев ауылында клубы мен кітапханасы бар демалыс орталығын жөндеуге 33 млн теңге қарастырылды. Кадрларды даярлауға қатысты оқыту форматын өзгерту қажет. Жақсы маман даярлауға оқытушылар, жұмыс берушілер қатысуы керек және студенттердің рөлі, олардың жоғары білікті кадр болуға деген ұмтылысын ескерген жөн, – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.
Қазіргі уақытта ауданда қажетті мамандарды даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерде жергілікті АШТӨ қаражаты есебінен тұрғын үй салу және сатып алу бойынша жұмыстар да қарқынды қолға алынған. Мысалы, Сорочинка ауылында жыл соңына дейін екінші тұрғын үй құрылысы аяқталады.
Сонымен қатар, жоспарда тағы 20 қоспәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Маяк ауылында 4 үй сатып алынды. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер өз мамандары үшін Веселый Подол, Златоуст және Крыловка ауылдарындағы үйлерді сатып алуды жоспарлап отыр.
Халықпен кездесуде облыс әкімі мемлекеттің қолдауына ие әрбір кәсіпкердің халық алдында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін барынша сезінуі тиіс екенін еске салды.
«Мемлекетпен бірге ауылдарды ретке келтіруге күш жұмылдыру керек. Біз өз кезегінде ауданның дамуына барлық күш – жігерімізді саламыз», – деп қорытындылады Қ. Ақсақалов.