Кезектен тыс сессияда депутаттар сессияның бекітуінеұсынылған шешімдердің жобаларымен алдын-ала танысып алды.
Бұған дейін барлық мәселелер мұқият зерделеніп, комиссия отырысында талқыланған болатын. СессияныСайлаубек Ещанов жүргізді.
Депутаттар алдымен 2023-2025 жылдарға арналғаноблыстық бюджетке түзетулерді бекітті. Облыстықбюджетті нақтылаудың басты себебі мемлекеттік сатып алуқорытындысы бойынша бар үнемделген қаражатты қайтабөлу болды. Қаражат бірінші кезектегі шығындарғабағытталған.
386 млн теңге – облыстың 10 ауданындағы білім беру ұйымдарының коммуналдық қызметтеріне тарифтердіңкөтерілуіне, сондай-ақ оларды тұтынудың артуынабайланысты коммуналдық қызметтерді төлеуге бекітілді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықбөліміне – Жангелді ауданы, Торғай ауылында су мұнарасының құрылысына 265,7 млн, Жітіқарақаласындағы кәріздік коллекторды қайта жаңғырту жобасыбойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға 208,8 млн, 80,1 млн теңге бұрынғы балабақша ғимаратын Қостанайқаласындағы Аутизммен ауыратын балаларға арналғанорталық пен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынаайналдыруды аяқтауға жұмсалады. Кәсіпкерлік жәнеиндустриалды-инновациялық даму басқармасы – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың жалпыұлттықжобасы және басым жобаларды несиелендіру тетігі аясынданесиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға539,2 млн теңге бөлінді.
Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерліктідамытудың жалпыұлттық жобасы және басым жобалардынесиелендіру тетігі аясында несиелер бойынша сыйақымөлшерлемесін субсидиялауға 539,2 млн теңге, ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөліміне – 25,0 млн теңге – тракторларды, оларға арналған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік жәнежол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттіктіркеуге және есепке қоюға беріледі.
«Неге 10 ауданға білім беру ұйымдарының коммуналдыққызметтерін өтеуге қаражат бөлініп отыр дейсіз ғой? Себебі, облыс бойынша тарифтер көтерілді», — дейді депутат Қырмызы Жаңбыршина.
«Бар болғаны 10 аудан бюджеттік өтінім берді», — деп жауапберді экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімініңбасшысы Гүлбарам Мұсағазина.
«Бұған дейін кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасыаясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға1 миллиард теңгеден астам қаражат сұралса, қазір ол 539,2 миллион теңгені құрап отыр», — дейді депутат Нұрбол Байзиров. – Қалған сома беріледі ме? Кәсіпкерлеріміздіназарсыз қалдырған жағдайға душар етпейміз бе?
Сессия барысында облыс әкімдігі ұсынған алты аудандағыхалқы 50 адамнан аз 25 ауылды таратып-жою жобасын, ал үш ауылдық округтің ауылға айналуын депутаттар көпшілікдауыспен мақұлдады. Жоба «Қазақстан Республикасыныңәкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкесауданның өкілді және атқарушы органдар пікірін ескереотырып әзірленген.
Аумақтық бірліктерді оңтайландыру мәселесін зерделеукезінде қазіргі шекаралар, сондай-ақ халық саны ескерілді. Өзгерістер елді-мекендердің тұрғындарына әсер етпейді, өйткені олар тек заңды жағына қатысты болғаны, ауылтұрғындарының нақты тұрғылықты жері өзгеріссіз қалады.
Сессияда Қостанай қаласының қала маңындағы тағы төртбағыты әлеуметтік маңызы бар бағыттардың тізімінеенгізілді.
Субсидиялар бөлінетін жаңа әлеуметтік маңызы бар көлікбағыттарын бекіту мәселесін талқылау барысындадепутаттар бақылау шараларын жүргізудің, сондай-аққолданыстағы әлеуметтік бағыттарды талдаудыңмаңыздылығына назар аударды. Мәслихаттың тұрақтыкомиссиясының төрағасы Махаббат Жұтаевтың бұлмәселені жан-жақты зерделеу туралы ұсынысын депутаттарқолдады.
«Мен әріптестерімді қолдаймын, маршруттар мемлекеттарапынан субсидияланатындықтан, көлік пен басқа да құрамдас бөліктерге қойылатын барлық талаптар сақталуыкерек», — дейді Қостанай облыстық мәслихатының төрағасыСайлаубек Ещанов.
Сондай-ақ, сайланған халық өкілдері түрлі комиссиялардың, соның ішінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегікомиссияның жаңа құрамын, сондай-ақ Қостанай облыстықмәслихатының, облыстық Қоғамдық кеңестің жәнедепутаттық фракцияның тұрақты комиссияларыныңқұрамын бекітті.