Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Аудан тұрғындарымен кездесті

14 октября 2023 12:00 • 325 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесті. Есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Ауданның экономикалық дамуының қозғаушы күштерінің бірі – ауыл шаруашылығы. Қарасу ауданында ауыл шаруашылығы қызметін 496 кәсіпорын, оның ішінде 42 ЖШС және 454 шаруа қожалығы жүзеге асырады. Жылдың 8 айында 21,1 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласы бойынша – 11,7 млрд теңге, мал шаруашылығы саласы бойынша – 9,4 млрд теңге. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 103,2% жеткен.

— Биылғы сегіз айда 21,1 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Оның ішінде егін шаруашылығы саласында – 11,7 млрд теңге, мал шаруашылығынан – 9,4 млрд теңге түсім түсті. Жалпылай алғанда, өнім өндірудің жалпы көлемі 103,2%-ке жетті. Бұл бағытта 5,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Тек қана ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 4,7 млрд теңге салынды, – дейді Қарасу ауданының әкімі Виктор Радченко.

Ауыл шаруашылығы саласына 5,1 млрд теңге инвестиция тартылды, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 4,7 млрд теңге салынды.

Көктемде Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті АШТӨ-мен ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау және ауданның экономикалық дамуына жаңа серпін беру мәселелерін талқылаған еді.

Осы кездесуде облыс әкімі Комсомольское ауылын абаттандыру, барлық қоқыстарды шығару, бұрынғы дүкен ғимаратын демалыс орталығына қайта жаңартып, мешіт, балалар мен оқушыларға арналған спорт алаңын салған «Бидай К» ЖШС-нің өнімді жұмысын атап өтті. Аталған кәсіпорын алдағы жылы өз жұмысшыларына үй салып, субұрқақ пен воркаут алаңын орнатуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, 400 басқа арналған сүт-тауар фермаларын салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ ниетте.

Көктемде Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Қ. Ақсақалов жергілікті кәсіпорын жетекшілеріне ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау және ауданның экономикалық дамуына жаңа серпін беру мәселелерін айтқан еді. Бұдан нақты қорытынды шыға бастағандай.

Комсомол ауылындағы «Бидай-К» ЖШС жиырма жылдан бері егін өсіріп, мал бағады. Үстіміздегі жылы шаруашылық 14,5 мың гектарға дәнді-дақылдар септі. Шығымы жаман емес. Орташа өнімділік гектарына 17 центнерден келеді. Кәсіпорын Комсомол ауылын көркейту үшін үш жылдық жоспар түзген. Биыл мұнда ЖШС есебінен мешіт, балаларға арналған спорт алаңдары салынды. Сондай-ақ, бұрынғы дүкен ғимаратын қайта жөндеп, демалыс орталығына айналдырды.

— Ең бастысы, ғимарат бос тұрмауы керек. Орталыққа жастар жиі келіп, тұруы үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру керек. Қысқасы, мұнда өмір қайнатып жатуы тиіс. Алдағы уақытта дәл осы тәрізді демалыс орталықтарын бүкіл ауылда ашу қажет, – деді облыс басшысы.

«Бидай-К» ЖШС әлеуметтік жобаларды іске асыруға 83 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұдан бөлек, 400 қара малға арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысын қолға алмақ. Жылына 2400 тонна сүт өндіруге қауқарды ферманы іске қосу үшін шаруашылық басшысы 1,2 млрд теңге қаражат қажеттігін айтады. Кешен пайдалануға 25–30 жаңа жұмыс орны ашылады. Әзірге, жер телімін рәсімдеу процесі жүріп жатыр. Мұны өңір басшысы құптап отыр. Айтпақшы, келесі жылы Комсомол ауылындағы үш көше бюджет есебінен жөнделетін болды. Елдімекенге ауыз су құбыры тартылады.

«Өзге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Бидай К» ЖШС-нен үлгі алуы керек. Өз кезегінде мемлекет жүйелі мәселелерді – жолдарды, жарықтандыруды, сумен жабдықтауды және т. б. шешуді қамтамасыз етеді», – деп қорытындылады облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды