Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

2025 жылы ауызсу толық жеткізіледі

15 октября 2023 14:00 • 326 просмотров

Енді екі жылдан кейін бүкіл қазақстандық ауыз сумен толық қамтылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Халықты таза ауыз сумен қамту, инфрақұрылым салу және жаңғырту арқылы елді мекендерді сапалы сумен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Алдағы екі жылда 158 ауылды сумен жабдықтайтын 34 жобаны іске асыру үшін 23,3 млрд теңге бөлінді. Жалпы, 2025 жылға қарай еліміздің барлық тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сонымен қатар суару саласында суды үнемдеуге бағытталған кешенді шаралар қолға алынбақ. Атап айтқанда, 3,5 мың шақырымдық суару желісін жаңғырту, 212 каналда суды есепке алу мәселесін цифрландыру және 15 гидротехникалық құрылысты жаңғырту көзделіп отыр», – деді Тамара Дүйсенова Мәжіліс отырысында.

Үкімет басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, 2025 жылға дейін Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және БҚО-ны қосымша сумен қамту үшін жалпы аумағы 1,7 текше метр болатын 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланған.

«Екінші кезеңде Ақтөбе, Қызылорда, ШҚО және Қарағанды облыстарында 11 су қоймасын салу көзделген», – дейді ол.