Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа ауыл құрылады

20 октября 2023 12:30 • 353 просмотров

Жақында ғана 25 елді мекені таратылған Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылуы мүмкін.

«Степное ауылын округ орталығы деп белгілеп, құрамында Жітіқара ауданының Степной және Аққарға ауылдары бар Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі құрылсын», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім-жобасында.

Құжат облыс әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып күшіне енеді.

Еске салайық, таяуда Қостанай облысына қарасты 25 ауыл таратылған еді. Оларда халық саны 50 адамнан аз.

Қоса кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысындағы Сұлусай және Түркістан облысының Созақ ауданындағы екі ауыл таратылатынын жазып едік.