Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бүгін облыс әкіміне туризм саласындағы жаңа инвестициялық жоба — «Hilton Garden Inn» премиум-класты қонақ үйінін қурылысы таңыстырылды

26 октября 2023 18:01 • 372 просмотров

Бұл үшін Костанайға арнайы келген Ресей және ТМД елдеріндегі Hilton дамыту жөніндегі директоры Алексей Шаталов Hilton Worldwide корпорацисына тиесілі 123 елдегі 7 мың отельден тұратын халықаралық, желісінің жұмыс істеу принциптері туралы жеткізді.

140 қонақ жайдан тұратын осы отельде мейрамханалар, конференц-алаңдар, фитнес-зал, SPA кешені және т.б. жұмыс істейтін болады.

Hilton Garden Inn — бұл 1,8 га аумақта Триатлон саябағынығ жанында орналасқан 4 жұлдызды бес қабатты заманауи отель.

Триатлон саябағын абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық, жобалары — кіреберіс жол, автоматты суару жүйесі, жарықтандыру, көптеген спорт алаңдарын салу — жаңа бизнес-идеялары бар инвесторларды тарту үшін негіз жасауда.

Қостанайда әлемге әйгілі брендтің қонақ үйін салу Жобасы облыс орталығына ғаңа емес, бүкіл өнір үшін инвестициялық тартымдылыққа қуатты серпін беретініне сенім бар.

Қазіргі таңда жобаны іске асыру КР Сыртқы істер министрлігі тарапынан қолдау тапты. Жобаның бастамашысы «BTS PETROLEUM» ЖШС 2025 жылы өз қаражаты есебінен құны 4,5 млрд. тенңе болатын отель құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.