Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Партия халық үніне құлақ асты

26 октября 2023 10:00 • 548 просмотров

Жітіқара ауданының Чайковское ауылына жұмыс сапарымен Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» ХДПП партиясының облыстық филиалының төрайымы Ғайния Есеева барды. Депутаттың шалғайдағы ауылға келуіне басты себеп – Чайков ауылдық округі тұрғындарының «Ауыл» партиясының филиалына өтініші себеп болды.

Олардың айтуынша, ұзындығы 27 шақырым болатын «Чайковское-Жітіқара» автожолы 30 жыл ішінде бірде-бір рет жөнделмеген. Жаңбырлы күндер, ауылдықтар үшін нағыз сынақ, өйткені батпақ жолда қажетті өнімдерді жеткізуге мүмкіндік жоқ. Естеріңізге сала кетейік, бұл автожолды жөндеу мәселесі төртінші жылдан бері жалғасып келеді және ауыл тұрғындары барлық инстанциялардан өтті, бірақ, өкінішке қарай, ол ашық күйінде қалып келеді.

«Ауыл» партиясы өкілінің сапары авариялық автожол алаңында «Қазавтожол» қызметкерлерін, аудандық мәслихат депутаттарын, кәсіпкерлер мен «Ауыл» ХДПП филиалына өтініш авторларын жинады.

«Қазавтожол» бас маманының айтуынша, бұл жол екі жыл бұрын олардың жауапкершілік аймағына ауыстырылған, бұған дейін ол облыс пен ауданның балансында болған.

— Мен сізді бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. Сөзсіз, біз үшін жұмыс жетерлік. Бұл жол қандай мәртебеге ие болса да, оны қазір жөндеу керек, өйткені мұнда адамдар, мемлекетіміздің тұрғындары, ауыл тұрғындары тұрады. Бірақ мемлекет және облыс басшысының тапсырмасы аясында ауылдардағы жолдар тиісті сапада болуы керек. Біздің мақсатымыз –»Чайковское-Жітіқара» жолының 2024 жылғы орташа жөндеу жоспарына енуі және жөнделуі керек,- деді партия төрайымы, депутат Ғайния Есеева.

«Ауыл» ХДПП Қостанай өңірлік филиалы «Ауыл» партиясы өз жұмысын бастағалы партияның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауда талмай еңбек етіп келеді. Қостанай өңірінде «Ауыл» партиясының бағдарламаларын кеңінен насихаттау, ұстанымдарын жалпақ жұртқа жария ету, «Ауыл» партиясының жұмысын ел ішінде насихаттау бағытында, өздеріңіз білетіндей, 20 жылдан астам уақытта қыруар іс атқарылды.

«Ауыл» ХДПП Қостанай облыстық филиалының бүгінгі тыныс-тіршілігіне келер болсақ, партия филиалы ұстаған бағытынан таймай, жұмысын үзбей бетке алған бағытымен күннен күнге қатар толықтырып, халықтың партияға деген сенімін нығайтып, «еститін, көретін» қоғамдық бірлестікке айналып отыр. Қазіргі таңда біз парламенттік партия деңгейіне жетіп, өңірімізде де барлық деңгейдегі мәслихаттарда өз өкілдеріміздің жұмыс жасап жүргенін көріп отырмыз. Екі жыл бұрын, яғни 2021 жылы облыс бойынша «Ауыл» партиясы депутаттарының саны облыс бойынша 20 болса, биыл наурыз айында өткен сайлау нәтижесінде 23-ке жетті. Ол да Сабит Парызұлы бастаған партия мүшелерінің, елеулі еңбектің жемісі деп білемін.

— Бүгін облыста біздің партиямыздың депутаттары барлық аудандарда ұсынылған 17 адам, қалалық мәслихатта 3 адам, облыстық мәслихатта 3 адам. Фракциялар екі мәслихатта тіркелген. Партия қатарына жыл басынан бері 63 адам кірді. Бүгінде партия мүшелерінің жалпы саны 7579 адамды құрайды. Бұл негізінен ауыл шаруашылығы қызметкерлері, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, аграршы ғалымдар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларының өкілдері. Есепті кезеңде партияның 2 мүшесі Бижанов Бауыржан Сәлімжанұлы және Мұқанов Жасұлан Балғабайұлы ауылдық округтердің әкімдері болып сайланды: Чайковский және Ассенкритовский. Бұл біздің бағдарламамызды жүзеге асыру мүмкіндігі, – дейді партияның облыстық филиалының төрайымы Ғайния Есеева.

Партия филиалының ішкі жұмысынан бөлек, қоғамдық жұмыстарды да назардан тыс қалдырмайды. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлымен жұмыс сапарына қоса барып, ауыл-аймақтың шешімін таппай жатқан мәселелеріне де көп көңіл бөледі. Бүгінгі күнге дейін партия мүшелері өңіріміздегі 14 ауданның 8 ауыл аймағында болып, көп проблеманы өздері көріп қайтты.

Ауылды көтеру мәселесі партияның айнымас тақырыптарының бірі. Осы бағытта да жұмыс жасаудың алғышарттарын жасап отыр. Бір мысал ретінде келтірсек, барлық ауылда азаматтармен көтерілетін жайлым жетіспеушілік мәселесін айта кету керек. Осы мәселені шешу жолын іздестіру мақсатымен Экономика және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Қайрат Айтуғанов сауал қойылған кезде, ғылыми тұрғыдан дәлелденген бүгінгі таңда оң нәтижесі бар жоба ұсынылып басталып кеткенін айтты.

— Аз уақыт ішінде филиалдың бастамасымен Қарабалық ауданында ғылыми тәжірибелік конференция өткізіп, партия мүшелері, агросала мамандары, кәсіпкерлер бірлесіп ауылшаруашылық жұмыста зерттеу, ғылыми зерделенбеген мәселелерді ортаға салынды. Бір қатар ғылыми тәжірибелік конферпенциялар мен семинарларда өтті еліміз бойынша. Енді 19 шілде күні жобаға кірген үш өңір басшыларымен көшпелі жиналыс өткізіліп, бұл сұрақ талқыланды, – деді партия төрайымы, депутат Ғайния Есеева.

Мерекелік шараларда мейрам иелерін назардан тыс қалдырмай, соғыс ардагерлерін арнайы барып құттықтап, Балаларды қорғау күні мерекесінде «Жанұя» балалар үйінде балаларға партияның атынан сый-сияпат жасалып тұрады.

«Ауыл» партиясының бағдарламаларына сәйкес тақырыптарды зерделеу мақсатында жергілікті мекемелерге үнемі түрлі тақырыпта депутаттық сауалдар жолданады. Одан өзге Қостанай өңірлік филиалың жеке бастамасымен жол жүру ережелерін ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнаманың екінші пакетіне ұсыныстарды талқылау мақсатында жұмыс тобының нәтижелі отырысы өткізілді.

Қазіргі таңда көтеріліп отырған сұрақтар ішінде ең өзектілері ол аулдағы ауылшаруашылық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі. Бұл сұрақтарда терең аналитикалық талдау керек. «Ауыл» партиясының жастар қанатына арнайы тапсырма беріліп, білім басқармасы мен бірлесіп жұмыс істеу міндеті туындап отыр. Оған арнайы мониторингісі негізінде облыс бойынша шағын талдау мен ұсыным жасау қажеттілігі бар.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы негізінде де бір талай сұрақтар бар, оны комисия мүшесі ретінде отырған партия өкілдері бүгінгі таңда жүйелі талдау мен ұсынымдар жасауда.

— Сөз соңында атап кету керек Зейнуллин Аян Талғатұлының облысқа жұмыс сапарымен келуі көп өзекті мәселелердің бетін ашып шешімін табу жолын жақындатты. Бағдарлама жан жақты етіп даярланды. Соның ішінде өсімдікшарауашылығы мен малшаруашылығы, өңдеу өндірістерімен әлеуметтік салаларды толық қамтылды. Сонымен қатар шалғай ауылдармен шекарада жатқан аудандарда қалыс қалмады. Тұрғындар халық арасынан сайланған депутатқа жолығуға асықты. Мәжіліс депутатының агробизнесиегі тәжірибесінің мол болуы, жас болсада бас білімді іскер елге жанашыр ер азамат екені бос сөзден гөрі нақты іске жақын екенін барлық партия мүшелері көңілдерін толытыра алғыс айтып отыр, – деді партия төрайымы депутат Ғайния Есеева.

Бақыт ТҰРАШ, суретті түсірген Василий Васильев