Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қамысты қарқынды дамып келеді

2 ноября 2023 10:00 • 1 006 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қамысты ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы кәсіпкерлік нысандарын аралады.

Қазір басты міндеттердің бірі – тұрақты жұмыс орны, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Бүгінгі күні Қамысты ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2,1 млрд теңге сомасына 12 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 30 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, өңір басшысы сапар соңында аудан тұрғындарымен кездесіп, облыста атқарлып жатқан жұмыстарды баяндады.

Құмар Ақсақалов жұмыс сапары барысында Қостанай-Қарабұтақ тас жолының жөндеу жұмыстарын тексерді. Алдыңғы кездесулерде Б. Майлин ауданының Елизаветинка ауылының тұрғындары ауылға кіреберіс жолдың сапасы туралы мәселені көтерген болатын.

Облыс әкімінің айтуынша, «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» республикалық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу барысында тұрғындар сұраған жол қалпына келтіріледі. Қайта құру жобасында Аят өзенінің көпірінен Рудный қаласына дейінгі учаскедегі жолдың сапасын жақсарту көзделіп отыр. Қазіргі уақытта үш жол өткелін монтаждау жұмыстары жүргізілуде, олардың екеуі Әйет кенті мен Рудный қаласының маңындағы көлік айрықтарында, ал біреуі – Елизаветинка ауылы арқылы өтеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыстарды аяқтап, нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Өңір басшысы әуелі Қарабалық ауданына ат абсын тіреді. Мұндағы Марат Құдайқұлов басқаратын «Қарабатыр» ЖШС-і мен аудан орталығындағы «Қайрат» ЖШС-терінің шаруашылғымен танысты.

Жалпы, Қамысты ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2,1 млрд теңге сомасына 12 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 30 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жылдың аяғына дейін 1 млрд теңгенің 3 жобасы іске қосылуы тиіс.

— Аудан құрушы кәсіпорындардың басты мақсаты – инвестициялық жобалар, соның ішінде тұрғын үй салу және жас мамандарды тарту арқылы жұмыскерлердің табысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту. Мемлекет сондай-ақ елді мекендердегі инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бұл кәсіпорындардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.