Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Тіл тамыры-Отбасы»

3 ноября 2023 17:49 • 665 просмотров

Бүгін байқаудың қалалық кезеңі өз мәресіне жетіп, үздік отбасылар анықталды.

Іс шараны «AMANAT» партиясы облыстық филиалы «Miras» аймақтық кеңесі бастап, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы, Қостанай облыстық білім басқармасы қостаған болатын.
Бүгінде мектеп қабырғасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту өзекті мәселе. Тілімізді құрметтеу отбасынан басталатыны тағы бар. Өскелең жас ұрпақтың арасында қазақ тілін насихаттау үшін өткізілген «Тіл тамыры – оБайқауға № 9, 10, 15, 20, 24, 28 жалпы білім беретін мектептерінің, С.Мәуленов атындағы гимназия және №115 мектептің атынан 8 отбасы қатысты. тбасы» байқауы 8 мектептің ата-аналарының басын қосты.
Олардың қатарында Бақытбековтар, Бәкіровтар, Есеповтар,Иржасовтар,Куюбае,втар, Әбдібековтер, Сұлтановтар, Торбаевтар әулеті бақ сынасқан болатын.
Байқаудың қалалық кезеңіне баға берер әділ-қазылар алқасы қатарында «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы төрағасы, журналист Заңғар Санай, «Тіл дарын» облыстық «Тіл дарын» Тоты Айтмағамбетова, Мемлекеттік қызмет ардагері Оспан Қойшығара, Педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші Мұхаметқали Шипин, Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері Жанар Жұмағұлова болды.
Төрт кезеңге бөлінген байқаудың алғашқы кезеңінде әр жанұя отбасы мүшелерін таныстырып шықты. Ізімен
Сұлтановтар отбасының отанасы Әйгерім Сұлтанова бүгінгі сайысқа сақадай сай екендіктерін айтты.
«Негізі отбасымызбен мұғалімдерміз. Жолдасым №15 мектепте, ал өзім А.М.Горкий атындағы гимназияда мұғалім болып жұмыс істеймін. Баламыз С.Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы. Бұл сайыс ата-аналар арасында өтетін болғандықтан, баламыздың мектебінің атынан келдік. Барымызды салып дайындалдық», –дейді Айгерім.
Ізімен қатысушылар екінші кезеңде шығармашылық өнерлерін көрсетіп, үшіншіде сахналық қойылымдар қойып, соңында бата беруден бар өнерлерін ортаға салды. Отбасы мүшелері домбыраның құлағында ойнап, би билеп, ән шырқады.
Әділ қазылардың әділ шешімімен әр отбасы мүшелері номинация бойынша білім басқармасы бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Ал жүлделі үш орынды қазылар алқасы келесідей отбасыларға бөліп берді. Үшінші орынды Сұлтановтар отбасы, 2 орынды Бақытбектовтер отбасы, 1-ші жүлделі орынды Әбдібековтер отбасы жеңіп алды.
Қазақ тілі қоғамының облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санайдың айтуынша, қалалық байқауда жеңіске жеткен отбасы өңірлік кезеңге, одан әрі облыстық сайысқа дейін өтуге жолдама алады.
ұ«Қалалық сайыста жеңіске жетіп, жүлделі бірінші орын алған отбасыға 75 мың, екінші орынға 50 мың және үшінші орынға 25 мың теңге табыс етілді. Ал, облыстық байқауда бірінші орынға ие болған жанұяға 500 мың теңге, ары қарай 300, 200 мың шамасында қаржылай сыйлықтар беріледі