Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Алғаш рет аудан әкімдері сайланды

9 ноября 2023 16:30 • 444 просмотров

2023 жылдың 5 қарашасында ел тарихында алғаш рет, пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтті. Қостанай облысында пилоттық режимде Алтынсарин, Денисов, Қарабалық және Федоров аудандарының, сондай-ақ Рудный қаласының әкімдері сайланды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Рудный қаласының әкімі болып Ионенко Виктор Николаевич
сайланды. Ол өзінің еңбек жолын 1992 жылы Таран ауданы Николаевский совхозының машина-трактор паркін пайдалану инженері болып бастаған. 1993 жылдан-прораб, одан кейін Таран ауданының «Монтажник» АҚ директоры; «Қостанайсельхозстроймонтаж» АҚ Таран филиалының бастығы. Әр жылдары Денисов, Меңдіқара, Қарасу аудандарының әкімі, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Рудный қаласының әкімі қызметтерін атқарды.

Федоров ауданының әкімі болып Исабаев Тауба Қайыржанұлы сайланды. Еңбек жолын 1985 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы «Селетинский» совхозының қызметкері болып бастаған. Әр жылдары Қостанай, Федоров аудандарының әкімі қызметін атқарды.

Қарабалық ауданының әкімі болып Руслан Болатұлы Халықов сайланды. Еңбек жолын 2009 жылы Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Алтынсарин, Қарабалық, Қамысты аудандары әкімдерінің орынбасары қызметін атқарды. Сайлауға дейін Қарабалық ауданының әкімі қызметін атқарған.

Бұрын Денисов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Жоламанұлы Қатпаев Денисов ауданының әкімі болып сайланды. Еңбек жолын 1999 жылы Қостанай қаласында «Покровка» ЖШС бас экономисті, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары болып бастады. Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында бөлім басшысы, кейін басшының орынбасары; «Қостанай Су» МКК жетекші маманы; Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы және Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Алтынсарин ауданының әкімі болып Сартов Арнұр Маратұлы сайланды. Еңбек жолын Ақмола облысы Көкшетау қаласының «Агромашхолдинг» АҚ сату бойынша менеджері болып бастаған. Қостанай ауданы әкімінің аппаратында бас маман, кейін бөлім басшысы; Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Алтынсарин ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Әкімдерді сайлау ел басшылығының мемлекеттік жүйені институционалдық жаңғырту саясатының дәйектілігін көрсетеді.