Қостанай облысы Паралимпиада спортындағы жетістіктері бойынша Қазақстандағы көшбасшылардың бірі. Әсіресе, мүгедектер арбасындағы би, үстел теннисі және пара пауэрлифтинг бойынша спортшылар чемпиондар мен жүлдегерлер атанады. Бірақ Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Аруна Жақсығұлова атап өткендей, жалпы өңірімізде параспорт бапкерлердің, облыстық федерацияның және Қостанай мүгедектер спорт клубының ынтасымен дамып келеді.
-Ең бастысы – параспортшыларға арналған спорт кешенінің жоқтығы.
Бұл мәселені қарастырған кезде бізге Қостанайда спорт залдары мен кешендердің көп екенін айтылады, бірақ шын мәнінде олардың барлығы мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделмеген», — дейді Аруна Жақсығұлова. — Спортзалдары жер төлелерде, екінші, үшінші қабаттарда орналасқан. Қосалқы жабдықтар спортшылардың жаттығуына ыңғайсыз. Сонымен қатар, жаттықтырушылар оқудан өтіп, мүмкіндігі шектеулі адамдармен жаттығу жасау ерекшеліктерін білуі керек.
Аруна Жаксағұлова параспорттың жетістіктері мен проблемалары туралы өз басынан өткізген адам, өйткені ол өзі мүгедектер арбасында билейтін параспортшының бірі. Және, жай спортшы емес, Қазақстанда осы спорттың негізін қалаушысы! Аруна Рахметоллақызының арқасында 2009 жылы Қостанайда бірінші республикалық арбадағы би фестивалі өтіп, оған алты облыстың өкілдері қатысқан еді.
«Бізге Қазақстан Республикасының бал биі федерациясы қолдау көрсетті, төрешілер өз қаражаттарымен келді», — деп еске алады Аруна Жақсығұлова. – Алғашқы табысқа жеткенімізге шабыттанып, Қазақстан Республикасы Паралимпиада комитеті мен Дене шынықтыру және спорт министрлігіне мүгедектер арбасындағы биді Қазақстан Республикасының паралимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енгізу туралы өтініш жазғанбыз. 2011 жылдан бастап арбамен билеу ресми мәртебеге ие болып, сол жылы Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының бірінші чемпионатын өткіздік. 2014-2015 жылдары алыс-жақын шетелдерден келген өкілдер қатысқан республикалық ашық чемпионаттары өтті.
Қостанай еліміздің арбадағы бидің отаны болғанымен, өкінішке орай, бізде бұл спорт түрі тоқырау қалпында екеніне көзіміз жетіп тұр.
-Облыста бал биін билеуге арналған бірде-бір паркет алаңы жоқ, ал жаттығуларды тек сондай еденде өткізу керек, — дейді депутат. — Біз қалалық балалар өнер мектебінің залында жаттығамыз. Онда көңіл толарлықтай жағдайымыз жоқ, би музыка дыбысын қатты қоя алмаймыз. Сонымен қатар сол жерде оқитын балаларға бөгет жасаймыз. Тіпті киім ауыстыратын жеріміз де жоқ. Сондай-ақ, би арбалары күнделікті өмірге арналмаған, ерекше келеді. Олар бөлек сатып алынады және өте қымбат, оларды сақтайтын жер болмағандықтан, дәлізде тұрады. Оларды көрінген итеріп кетеді, сондықтан би арбаларымыз да майысып, бояуы кетіп қалады. Мектепте іс-шаралардың жиі өткізілуіне байланысты би жаттығуларды да басқа уақытқа ауыстыруға мәжбүрміз.
Осы аталған жағдай параспорттың басқа түрлерінде де орын аларлық. Мәселен, қостанайлық пауэрлифтингшілер бірнеше жерде жаттығады. Тірек-қозғалыс апараты ауруларымен ауыратындар «TenQogam» мүгедектерді әлеуметтік қолдау орталығында білім алады. Қозғалысы шектелген спортшылардың тағы бір мәселесі – таксидің жоқтығы. Спортта ең бастысы — тәртіп сақтау, егер сіз жаттығуға уақытында келе алмай, немесе сабаққа мүлдем қатыса алмасаңыз, онда нәтиже де болмайды.
Аруна Жаксағұлова мен оның әріптестері параспорт мәселелерін дамытуға және шешуге үлкен үлес қосуда.
Жазда депутаттар Махаббат Жутаев, Аруна Жаксағұлова, Александра Сергазинова, Ғайния Есеева, Динара Ахметова, Әділ Карибов, Евгений Сотников Қостанай қаласындағы спорт нысандарын аралап шыққан болатын. Бірнеше күн бойы спорт залдарын аралаған халық өкілдері олардың ешқайсысының мүмкіндігі шектеулі жандарға толық бейімделмегеніне көз жеткізді. Бұл мәселе Қостанай облыстық мәслихатының комиссия отырыстарында бірнеше рет талқыланып, оның қорытындысы бойынша депутаттар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бұл мәселенің шешу жолдарын талқылады.
«Мен тек «Аманат» партиясының мүшесі ғана емеспін, арбаға таңылған адаммын, мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық мәселелерін іс жүзінде білемін, – дейді Аруна Жақсағұлова. – Біз рейдтерді үнемі өткізіп тұрамыз, оларды мүгедектер құқығы туралы конвенция қабылданбай тұрғанда да өткізгенбіз. Стандартты емес пандустар, бордюрлер, қажетті бейімделудің жоқтығы, ештеңе назардан тыс қалмайды.
Инклюзия саласындағы бүгінгі оң өзгерістер – депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесі. Қазіргі таңда республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орын алған параспортшыларға облыстық бюджеттен ақшалай сыйлық төленеді. Қазақстан Республикасының чемпиондары шетелдік жарыстарға бару, костюмдер мен жабдықтар сатып алу үшін қаржыландырылады. Ал Аруна Жаксағұлова төраға орынбасарлық еткен «Үміт Надежда» қоғамдық бірлестігі де қаншама мүмкіндігі шектеулі спортшыларды тәрбиелеп, оларға жағдай жасап, көмектерін аяған емес.
Спортшылардың барлығы дерлік паралимпиадашылар, «Үміт Надежда» қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Олардың ішінде барлығы пара бишілер, тірек-қозғалыс дертімен науқас пара пауэрлифтілер.
-Әли Галимулин біздің ұйымда төрт жасынан бері, церебральды сал ауруымен ауырады, қазір 16 жаста, — дейді депутат. – Тамыз айында Біріккен Араб Әмірліктерінде пара пауэрлифтингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Тұрсынай Қабыл да бізден бастады. Мен оның мектебінде өзін-өзі тану пәнінен сабақ бердім, сол жерде таныстық. Оны мүгедектер арбасында билеуге шақырдым, бірақ ауруына байланысты бұл спорт түрінен жарысуға рұқсат етілмейді сондықтан көп ұзамай пара пауэрлифтингпен айналыса бастады. Илья Вераховский бүгінде үстел теннисінен Қазақстан Республикасының құрамасының құрамында.
Облыстық мәслихат депутатының айтуынша, бүгінгі таңда Қостанай облысында параспортты дамытудағы басты міндеттердің бірі — мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бірыңғай, толықтай бейімделген спорт кешенін құру. Мұндай спорт кешенінің қажетті аспектілері: бейімделген жабдықтар – спорт кешені мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен еш қиындықсыз айналысуына мүмкіндік беретін арнайы құрылғылармен жабдықталуы керек. Мүгедектіктігі бар клиенттерге барынша қолдау көрсету және нұсқау беру үшін қызметкерлерді оқыту қажет. Ғимарат барлық келушілердің еркін кіруін қамтамасыз ететін арнайы көтергіштермен, пандустармен және басқа құралдармен жабдықталуы шарт.
-Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен белсенді айналысып, өз денсаулықтарына назар аударып жүргені басқаларға да үлгі болады, — дейді Аруна Жақсағұлова. — Бұл сонымен қатар қоғамның әртүрлі секторларын жақындастыруға және инклюзивті ортаны құруға көмектеседі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толық қолжетімді спорт және сауықтыру орталықтары барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін қажет. Денешынықтыру белсенділігі денсаулық пен өзін-өзі бағалау үшін өте маңызды және әр адамға қолжетімді болуы керек. Бүгін біз мүгедектер құқығы туралы конвенцияны қосу, ратификациялау, тең мүмкіндіктер туралы айтып отырмыз. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту, әлеуметтендіру бағытында қыруар істер атқарылуда. Инклюзия — бұл қоғамға, қызметтің барлық салаларына дәл ену болып табылады. Бірақ бізде мамандандырылған спорт кешені жоқ, әлеуметтік жағдайына, ұлтына, дініне қарамастан жағдай бірдей болуы керек.
Мүгедектік спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға кедергі болмауы керек. Спорт және сауықтыру орталықтары дене мүмкіндіктеріне қарамастан барлығына қолжетімді болуы кажет. Қолжетімділік тек талаптар немесе нормалар мен стандарттарға сәйкестік емес, ол теңдік пен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қол жетімділік олардың басқалармен тең жағдайда қоғамдық өмірге қатысу құқығын білдіреді. Білімге, жұмысқа, мәдени іс-шараларға, соның ішінде спортқа қол жеткізу болып табылады. Жағдайды үкіметтік емес ұйымдар, атқарушы және заң шығарушы органдар барлығы бірігіп туғызу керек. Мүмкіндігі шектеулі жандар жалынып, жалбарынбауы үшін, тең шарттар қалыпты болуы тиіс.