Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңірде өсім бар

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясында Құмар Ақсақалов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы Қостанай облысының басты жетістіктері туралы, сондай-ақ 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-
экономикалық дамуы туралы айтты.

Жыл басынан бері облыста барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономикаға салынған инвестициялар көлемі 7,4% – ға, құрылыс жұмыстары 21,5% – ға өсті, 412,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 4,3% – ға өсті, сауда қызметтері 3,9% – ға, көлік 3,6% – ға өсті.

«Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі 4,7% -. құрады. Айтарлықтай өсім – 16,1%, өңдеу өнеркәсібінде, атап айтқанда машина жасауда 34,0%, сондай – ақ тамақ өнімдерін өндіруде 10,5% байқалады», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Мемлекет басшысының экономиканың барлық салаларының тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары шеңберінде біз өнеркәсіпті жаңғыртуға, шағын кәсіпкерлік субъектілері санының өсуіне, облыста өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды жоспарлап отырмыз.

Өңір экономикасының базалық салаларында, сондай-ақ құрылыс индустриясында тұрақты қарқынмен қамтамасыз етуге және сақтауға, халықтың өмір сүру сапасы мен жұмыспен қамтылуын арттыруға ерекше назар аударылды, бұл елдің жалпы дамуына әсер етеді.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсуі машина жасау өндірісін 34% – ға, тамақ өнімдерін 10,5% – ға, сусындар өндірісін 5,5% – ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Жеңіл және жүк автомобильдерінің, трактор, орақ, кондитерлік өнім, май, ет, сүт, шұжық өнімдері мен ұнның өндірісі ұлғайтылды.

Құмар Ақсақалов машина жасау саласын дамыту мәселелеріне жеке тоқталды:

«Мемлекет басшысының тапсырмасы жаңа индустриялық және инновациялық жобаларды іске асыру есебінен орындалатын болады. Мысалы, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қуаттылығы жылына 30 мың дана, құны 23,0 млрд.теңгеден асатын және 400 жұмыс орнын құруға бағытталған «Chevrolet Оnix» автомобильдерін шағын тораптық өндіру бойынша жобаны іске асыруда.

11 қарашада «KIA»зауытының құрылысы басталды. Инвестиция көлемі 90,0 млрд теңгені құрайды, қуаты жылына 70 мың бірлік, 1,5 мың жұмыс орны құрылады. Бірінші көлік 2025 жылдың жазында конвейерден шығады.

Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында «құрғақ порт» көліктік – логистикалық кешенін салу жоспарлануда. Инвестиция сомасы шамамен 37 млрд теңге, 350 жұмыс орындары құрылады.

Жобаны іске асырудың оң әсері халықаралық көліктік-логистикалық хаб құру, сондай-ақ бюджетке жыл сайын 3,5 млрд.теңге мөлшерінде табыс қарастырылған.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін ұлғайту туралы тапсырмасын орындау мақсатында келесі жылы қуаты 40 МВт газ поршенді электр станциясының және облыстағы қуаты 22 МВт бірінші күн электр станциясының құрылысы басталады. Биыл Арқалық қаласының маңында қуаты 48 МВт, құны 24 млрд теңгеден асатын жел электр станциясы пайдалануға беріледі. Осы объектілерді пайдалануға берілуі облыс электр энергиясын өндіруді 110 МВт-қа ұлғайтады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, инвестиция тартудың тиімді жүйесін құру қажет. Есепті кезеңде облысқа 7,4% өсіммен 393,0 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның 80,0% – ы жеке инвестиция. Биыл 216 млн. АҚШ доллары шамасында тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында өндірістік, көліктік және сервистік инфрақұрылымды жетілдіру жалғасады.

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 611 млрд теңгеге жетті. Сүт және сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті төмендету, өз өндірісін ұлғайту мақсатында жыл сайын кемінде 10 жаңа ірі өнеркәсіптік сүт-тауар фермалары салынатын болады.

Алғашқы 7 сүт-тауар фермасының құрылысы басталды. Жаңа өнеркәсіптік сүт фермаларын енгізу ұйымдасқан шаруашылықтарда өнім өндіруді 30% – ға ұлғайтуға мүмкіндік береді және сүт өңдеу кәсіпорындарының қосымша жүктемесін 70% – дан 86% – ға дейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ нарықты қосымша өнім көлемімен қанықтыру есебінен инфляцияны төмендетуге септігін тигізбек.

Шикізаттан қаптамаға дейін толық циклді бұршақ дақылдарын қайта өңдеу бойынша «Кайдзен» ЖШС зауыты іске қосылды. Жоба бойынша 70 жұмыс орны құрылады. Инвестиция көлемі – 4,0 млрд теңге. Өндіріс қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға дейін жетеді, бұл облыс халқын жармамен қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Жылына 40 тонна бие сүтін құрғақ күйінде даярлауға қауқарлы ферманы техникалық іске қосу жүзеге асырылды («s-Agro-Borovskoe» ЖШС), құны 10,0 млрд.теңгеге бағамдалатын инвестициялық жоба 100 жұмыс орнын құруға негізделген.

Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Жылдың соңына дейін 450,0 мың шаршы метр тұрғын үй (4 мыңнан астам пәтер) пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда 412,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, өсімі 4,3% – ға, яғни 3 475 отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Құрылыс тек облыс орталығы мен қалаларда ғана емес, аудандарда да жүргізілуде.

Бұл мақсаттарға 27,8 млрд.теңге бөлінді, қаражат өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Биыл жұмыссыздықты кеміту мақсатында 40,0 мың азаматқа жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетілді.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында желтоқсан айында 6 медициналық нысан ашылады. 2024 жылы 19 медициналық ұйымның құрылысын бастау жоспарланған. Өңірге медициналық кадрларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері облысқа 160 дәрігер келді.