Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Назар аударудамыз

30 ноября 2023 10:26 • 430 просмотров

Қостанай облысының Қоғамдық кеңестің ерекшелігі жайында «Sanaly Urpaq 2050» қорының төрағасы Нұрбек Әбдібековпен сұхбат.

Нұрбек Елікбайұлы, Қоғамдық кеңестің құрамы жайында не айта аласыз?

— Қоғамдық кеңес құрамы 30 адамнан тұрады, оның ішінде төртеуі — мемлекеттік қызметкерлер, үшеуі — 35 жасқа дейінгілер, соның ішінде мен де бармын. Ерлер мен әйелдердің саны тең шамада, қатаң регламентпен реттелген. Адамдар әр түрлі салалардан сонымен қатар кәсәпкерлікте де еңбек ететіндер. Кеңес 4 комитеттен тұрады: біріншісі — әлеуметтік мәселелер жөніндегі және үкіметтік емес ұйымдарға, екіншісі — сәулет, абаттандыру, ТКШ және экологияға, үшіншісі — аграрлық-өнеркәсіптік секторге, шағын және орта бизнес нысандарына жетекшілік етеді. Өзім төртінші комитеттін құрамындамын,  ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құрылыс, индустриялық-инновациялық, көліктік және жол дамыту мәселелерін қарастырады. Біздің комитетінің мүшелері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  еріктілерінің қатарында. Біз мемлекеттік сатып алуды, тарифтерді, олардың көтеріліп кетпеуін қадағалап әрдайым бақылауда ұстаймыз.

-Биылғы жылы Қоғамдық кеңесте қандай маңызды мәселелер қаралды?

Қоғамдық кеңес өткен жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді және әуелі бастан арт-спорт бойынша балаларға арналған тегін үйірмелер мен секцияларды дамыту жобасын жүзеге асыруда белсенді ат салысудамыз. Бұл тараптан мемлекеттік органдардың қызмет жеткізушілерді тексеруге, бақылауға құқығы  болмаған сәтте, біз өз кезегімізден халық өкілдері ретінде жағдайды өз назарымызға алдық. Біз бұл мәселе бойынша секцияларға тартылған балалардың ата-аналарымен жиі жұмыс жасадық. Түрлі клубтар мен залдарды аралап, бюджет ақшасына жасалған жағдаймен таныстық. Бұл біз атқарған ауқымды жұмыстардың бірі, оған Кеңес мүшелерінің барлығы жұмылдырылған. Біз Қостанай қаласының әкімі ұсынған «Жаңа жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жобасын қарастырдық. Жобаны зерделей келе, оның кейбір тармақтарын аудандарға енгізуге, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамды, азаматтық белсенділерді, үкіметтік емес ұйымдарды көбірек тартуды ұйғардық.

Жазда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша барлық басқарма басшыларының есеп беру кездесулерін өткіздік. Бұл алдын алу әдістерінің бірі, біз мұны бірнеше жылдан бері қолданып келеміз. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының талаптарына жауап береді, онда алдын алу шараларының қажеттілігі туралы айқын айтылған. Күзде денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауына қатыстық. Біз жазалау емес, алдын алу шараларын қолданып жатқанымызды атап өткім келеді. Кездесулердің қорытындысы бойынша өз ұсыныстарымызды мемлекеттік органдарға береміз.

Кездесулер мен тыңдаулар қаншалықты жиі өтеді?

– Әр комитеттің өзінің ішкі жоспары бар. Қоғамдық кеңес барлығы 61 отырыс өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетпен Лисаков, Жітіқара, Б.Майлин атындағы ауданға бардық. Сондай-ақ,  мектеп оқушыларымен, студенттермен, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткіздік.

– Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарымен бірлесіп қандай мәселелер қарастырылды?Көбінесе бюджетті жоспарлауға арналған міселелерді қарастырдық. Шілде айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляевамен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдерімен бірлескен кездесу өтті. Біз аймақтағы тұрғын үй реформасын талқыладық, содан кейін OSI және PKSK мәселелері көкейтесті міселелердің бірі болған тұғын.

– Жұмысыңыздың нәтижесі туралы айтып берсеңіз?

-Жауап бермес бұрын айта кетейін, Қоғамдық кеңестің өзі мәселені шешпейді, ол консультативтік-кеңесші орган, бақылаушы. Кеңес – қоғамдық бақылау мен бақылауды жүзеге асыра алатын адамдардан тұрады. Бірақ біз ұсыныстар жасаймыз және белгілі бір мәселелердің шешілуіне әсер ете аламыз.

Мемлекеттік сатып алу мониторингінің арқасында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Аудандар бірдей заттарды әртүрлі бағамен сатып алатын сәттер болады. Біз бұған назар аударамыз. Мемлекеттік органдар мораторийге байланысты бизнесті тексере алмайды, біздің де тексеру жүргізуге құқығымыз жоқ, бірақ мониторинг жүргізіп, нысандарды аралай аламыз. Біз мемлекеттік мекеме емеспіз, айыппұл салмаймыз, тек қажетті талаптарға сәйкестігін тексереміз. Өткен жылы қаңғыбас иттер мәселесі мен ветеринарлық бекеттердің жұмысы да өткір мәселелердің бірі болған. Осыған байланысты Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысын өткіздік. Барлық мүдделі және жауапты тұлғалар шақырылды: ветеринария бөлімі, жеке ветеринарлық клиникалардың өкілдері, жануарлар құқығын қорғаушылар. Пікірталас қызу жүрді, әркім өз дәлелдерін айтып, өзекті мәселелерді ортаға салды. Жануарлар құқығын қорғаушылар өз пікірлерін нақтылы түрде жеткізіп, өз мүдделерін қорғай алды.

Нұрбек Елікбайұлы, сіз «Саналы ұрпақ 2050» қоғамдық қорының төрағасысыз. Осы саладағы қызметіңіз туралы айтып кетсеңіз?

– Қор жастармен жұмыс істеуге, балаларды дамытып, олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырады. 17 қарашада ЖРО-мен бірге жастар форумын өткіздік. Іс-шара блогерлердің қатысуымен диалог алаңы форматында өтті. Форум ең алдымен қатарластарына мотиватор ретінде әрекет ететін белсенді жастарға арналған. Ауылдар мен көшелердiң атын өзгертуге әсер етiп, ономастика жүмыстарын жүргiзiп жатырмыз. Биылғы жылы спикер ретінде қоғам қайраткері, филолог, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшесі Доса Шошима шақырылды. «Жастардың алтын кітабы» жобасы аясында да іс-шаралар откіземіз.

Алдағы қойылған мақстат-міндеттеріңіз қандай?

— Желтоқсан айында біз жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тақырыбы бойынша барлық департаменттердің есеп беру жиналысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Қаңтарда біз 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын құрастырамыз. Негізінде, облыста Қоғамдық кеңестің белсенді азаматтық ұстанымы бар 30 адам ғана емес, одан да көп есе болдыру  – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Сондай-ақ адамдарды құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікке баулу.