Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Депутат болу оңай ма?

7 декабря 2023 11:15 • 465 просмотров

Депутат болу әркімнің қолынан келе бермейтініс. Көбінесе өз проблемаларын жыйып қойып, халық өкілдері өз өмірін басқа адамдардыңпроблемаларын шешумен болады. Біз Қостанай облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі жұмыс тобыныңжетекшісі Қырмызы ЖАНБЫРШИНАМЕН сұхбаттасып, бүгінгі күн тәртібінде қандаймәселелер бар екенін және депутат болу қаншалықты қиын екені жайында әңгімелескенедік.

Қырмызы Сапарқызы облыстық депутаттықмандатын бірнеше рет алса да, оның депутаттық қызмет еткен әр жылы өз бетінше ерекше болып келеді.  Өзгерімсіз қалатыны бір-ақ нәрсе – ол белсенді қоғамдық қызмет. Қайырымдылық пен  қамқорлық жасау, облыс тұрғындарыныңпроблемаларын  зейін сала шешу– әрқашан депутаттың басты назарында.

– Қырмызы Сапарқызыең бастысы – биылғыжыл қаншалықты қиын болды?

-Біріншіден айтарым, ауыл шаруашылығы қызметкерлері үшін осы жыл жеңілге тиген жоқ.Ауа-райының қолайсыздығына байланысты егінжинауда үлкен қиындықтар туындады, көптегенегістіктер тіпті орылмай қалды.

Бұл жағдайда шаруаларға мемлекет тарапынан да, қаржы институттары тарапынан да қарызқаражатын қайтаруды кейінге қалдыруда қолдаукөрсетіледі. Енді тағы бір мәселе, ол астықтыңсапасы төмендегендіктен, жиналған өнімді өткізугебайланысты. Сонымен қатар, биыл ойламаған жерден шегіртке пайда болып, кейін ақбөкендержергілікті шаруаларға көп қиындық тудырды. Келесі жыл жұмсақ та құнарлы болады дейді, сондықтан диқандар келер жылы шығындарынын орнын толтырады деп кәміл сенемін. Барлығымызда егіннің мол болуын тілейміз, нан болса ән де болады деп бекер айтпасқа!

Жылыту маусымы басталысымен облыста жылумәселесі өткір тұрды. Өткен жылың еліміздегі бірқатар жылу электр станцияларының істеншығуы есте қалды. Ал біздің облыста, яғни Рудныйда, қаланың жылу жүйесіне қатысты мәселеде бірнеше рет туындады.

Шілде айында мәжілісмендердің партиялықкомиссиясының мүшесі ретінде Арқалық қаласынажол жөндеуге, жылу құбырларына бөлінген бюджет қаражатының игерілуін тексеруге бардым. Өкініштісі, іске қосылған жаңа жылу электрорталығы бірден іске қосыла алмағаны.

Мердігермен кездесіп, себебін анықтап, түзетумерзімін белгіледік. Жаз-күз кезеңінде бұлжағдайды бақылауда ұстадық. Бүгінгі күні барлықақаулар түзетіліп, жылу электр орталығы қалыптыжұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, бір топ депутаттар Рудный қаласындағыжылу жүйелерін жөндеуге қатысты жұмысбарысын бақылап отырды, бүгінде мұнда жылуменқамту мәселесі толығымен шешілген.

 Қазіргі таңда депутаттардың бақылауында тағы да қандай мәселелер бар?

– Бастауыш сыныптағы балалардың тегін тамақтануына облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Балалар біздің болашағымыз, олардың денсаулығы еліміздің болашығы үшін өте маңызды. Қазан айында бір топ депутаттар қаладағы бірнеше мектепте рейд жүргізіп, мектеп асханаларында тамақтанудың ұйымдастырылуымен сапасын тексерген болатын. Бірақ бәрі де ойдағыдай болғандықтан бұл жайында тұтынушылар жағынан ешқандай ескертпелер болған жоқ.

Қазақстанда шағын орта бизнес (ШОБ)субъектілерін қолдау үшін екінші деңгейлі банктер тарапынан қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істеп, онда пайыздық мөлшерлеме бюджет есебінен (ішінара республикалық және жергілікті) субсидияланады және қосымша кепілдік ретінде банктерге «Даму» қорының кепілдігі беріледі. Биыл бірінші жартыжылдықта бүкіл жылдық бюджетті банктер игерсе, екінші жартыжылдықта бизнес ұзақ уақыт қаржылық қолдаусыз қалды. Депутаттардыңтиянақты жұмысының арқасында жергілікті билікөкілдерінің көмегімен мәселе бірлесе шешілді. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында«Даму» фонды арқылы ШОБ субсидиялары мен кепілдіктеріне жергілікті бюджеттен қосымша сома бөлінді. Осы жерде мен облыстық мәслихатдепутаттарының ауызбіршілігі мен түпкіліктінәтижеге бет алғаны үшін әріптестеріме алғысбілдіргім келеді. Барлық депутаттар өз саласыныңмамандары болғандықтан, бізде кез келген мәселекешенді де жүйелі түрде шешіледі.

Көптеген шешімдер тек қана депутаттарға байланысты емес, мемлекеттік органдардың әрекетіне де байланысты. Сондықтан да депутаттармемлекеттік органдарға көптеген сауалдаржолдауда. Өкінішке орай, барлық мәселелер тез шешілмейді, оның объективті және субъективтісебептері бар. Бірақ біз жарты жолда тоқтамаймыз, түпкілікті нәтижеге жету үшін бар күшіміздісаламыз.

Депутаттарға әр түрлі сұрақтар келіп түседі, жекемәселелер ғана емес, қоғамдық мәселелер де баршылық.

Тұрғындармен кездесулер кезінде көптегентапсырыстар аламыз. Осылайша, Жангелді ауданының Сужарған ауылында тұрғындар электрқуатының үзіліссіз берілуіне шағымданды. Ескіэлектр бағаналары ауыстыруды қажет етеді, қаттыжел немесе дауыл кезінде электр жарығы жиі өшіпқалады екен. Ресми сауалдан кейін аудан әкімдігіжоспар бойынша 2024 — 2025 жылдары электрбағандарын ауыстыру жұмыстары жүргізілетінінесендірді.

Мен бұл мәселені жеке бақылауыма алдым. Әрине, мұндай мәселелер бірден шешілмейді. Бұл жердебірінші кезектегі мәселе – жергілікті деңгейдежобалық-сметалық құжаттама мәселесін шешіпалу, бюджеттік комиссияға құжаттар топтамасындайындау, содан кейін ғана қажетті соманы бөлутуралы бюджетпен шешім қабылдау болып табылады. Жангелді ауданы Шилі ауылында ауызсу мәселесі орын алуда. Бұл мәселенің 2024 жылғадейін шешімі табылады, бюджеттік комиссияға даөтініш беріліп қойған.

Амангелді ауданындағы Құмкешу ауылындабиылғы жылы су мұнаралары орнатылып, мәселесәтті шешілді.

Кейде орын тауып жатқан мәселелерді депутаттаржергілікті деңгейде шеше алмайды, оларды тек республикалық деңгейде шешу мүмкін. Сондаймәселелердің бірі – мектеп кітапханашыларыныңжалақысы. Осылайша, 2025 жылға дейін мәдениетқызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен өсіпкеледі, бірақ мектеп кітапханашылары бұл тізімнентыс қалған. Олар мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлеріне жатпағандықтан, жалақыларыкөтерілмейді. Балалар мен ересектеринтернаттарындағы күтушілер де осындаймәселеге тап болады. Осы мәселелер бойыншамәжілісмендерге жүгіндік. Еңбек министрлігініңқатысуымен олар оң шешімін табады деп сенеміз, халық үміттеніп, күтіп отыр.

Көбінесе тұрғындар әртүрлі күнделіктімәселелермен: қаланы абаттандыру, жұмыспенқамту, тұрғын үйге басымдығы жәнежолаушыларды тасымалдау жайындашағымданады.

— Шынында да сұрақтар өте көп, бірақ ең маңыздыларын айтып бере аласыз ба?

– Мен сұрақтарды өйтіп бөле алмаймын, барлықсұрақтар өзінше маңызды және олар өз кезегіменшешілуі керек. Амангелді ауданында, өзім мектепбітірген Құмкешу ауылында халықпен кездесудеболғанымда, тұрғындар ауылдағы жалғыз демалысорны – мәдениет үйін жөндеуден өткізуді сұрағанеді.

Бұл ауыл Амангелді – Торғай тас жолыныңбойында орналасқан, мұнда жаяу жүргіншілержолы төселген. Менің ойымша, бұл тамашадемалыс орталығы болуы мүмкін. Жөндеужұмыстары жүзеге асса, орталық 100-ден астаммектеп оқушылары мен ауыл жастарын қамтымақ. 2024 жылы мен бұл тапсырысты шешу үшінміндетті түрде жұмыс істеймін деп отырмын.

– Проблемалар өмірдің әртүрлі аспектілерінкөздейді, сіз бәрінен әрқашан қалай хабардарболып отырасыз?

–Қоғамдық жұмысты өз еркіммен таңдадым, сондықтан қоғамда болып жатқан барлықоқиғалардан хабардар болуым керек екендігіне міндеттімін.

«Аманат» партия фракциясының мүшесі ретіндехалықпен, жергілікті билік органдарымен үнемібайланыста болуым керек. Біздің алдымыздатұрған міндет — сайлаушылардың тапсырыстарымен тілектерінен тұратын партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру. Мен өзім ауылдаөстім, сондықтан ауыл мәселесіне бей-жай қарайалмаймын. Туған ауылымда ағайын-туыс, достарым тұрады, мен ауыл тұрғындарыныңқандай қиындықтарға кезігетінін жақсы білемін. Бүгінде шалғай ауылдарда дәрігер тапшылығынақатысты мәселелер бар.

Халық алыс өңірлерге барып дәрі-дәрмек алудыңқажеті болмас үшін ФАПтардың жақсы жұмысістегенін қалаймын. Ауылдар жабылып қалмасын, адам ағылып кетпесе екен деймін. Осыдан 30-40 жыл бұрын, урбанизацияға дейін, ауылдардыңқандай болғаны есімде. Ауылды жерлерде өмірқайнап жататын тұғын, жастар ешқайда кетпей туып өскен жерінде тұрмыс құруға қалатын еді… Бұл бағытта атқарылатын  жұмыстар өте көп, бұлтек қана бір адамның немесе бір мәслихаттың қолы емес, мемлекет тарапынан шешілетін міселе.

Қазір мемлекет Басшысы ауылды көтеруге үлкенмән беріп отыр, алдағы 3-5 жылда ауылдардытүлетуге қатысты көптеген мәселелер шешімінтабады деп сенемін. Біз де осы ортақ игі іскежергілікті жерде өз үлесімізді қосуымыз керек.

– Қырмызы Сапарқызы, депутат болу қаншалықты қиын?

– Қазір заман өзгерді. Адам дамуға ілесу үшінүнемі қозғалыста болуы керек. Әрине, бұл үшінморальдық жағынан да көп күш қажет. Депутаттық жұмыс – әлеуметтік жүк, тегін, бұдан бөлек үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктелетін негізгіжұмысың бар. Бәріміз уақыт тапшылығынсылтауратып, халық жағдайына немқұрайлықарайтын болсақ, балаларымызға қандай үлгікөрсетеміз? Болашағымыз балаларда емес пе. Сондықтан уақыт тауып, бәрін дөңгелетіпотырумыз керек. Мен депутаттық қызметімменқатар әкімдік пен «Аманат» партиясының көптегенкомиссияларының мүшесімін. Онда да облыстыңтүрлі мәселелерін қарастырамыз, түпкі мақсат – халықтың әл-ауқаты мен өңірдің барлық салаларбойынша дамуы. Мен өз сайлаушыларыма пайдалыболғым келгендіктен осы жолды таңдадым.

Біз кішкентай кезімізден барлық проблемаларымыздың болуына біреу кінәлі деп естіп келгенбіз. Бірақ әр адамның  жауапкершілікті өзіне алатын кез келді. «Лас болғанын қаламасаңыз, қоқыс тастамаңыз!» дегендей, барлығы өзіңнен басталады емес пе. Әрбір адам өз үлесін қосып, Қазақстанның нағыз патриоты екенінкөрсетуі керек. Патриот болу – Отаныңа, туғанжеріңе деген сүйіспеншіліктің қайнар көзі болып табылады.

фотосуреттер Қырмызы ЖАНБЫРШИНАНЫҢ жеке мұрағатынан