Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен Қостанай облысы әкімдігінің отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және облыстың ауылдық елді мекендерінің байланысы мен интернетін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жаңа мемлекеттік басқару және бюрократия жағдайында азаматтардың өтінішін күтпестен мемлекеттің өзі мемлекеттік қызметтерін ұсыну маңызды мәселеге айналды. Өткен жылмен салыстырғанда смартфондар арқылы көрсетілетін қызметтер саны 6 есе, онлайн форматта 2,4 есе өсті.
Мемлекет қабылдаған шаралар тұтастай алғанда Қазақстанға БҰҰ-ның электрондық қызметтер көрсету рейтингінде әлемде 8-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне толықтырулар бекітілгеннен кейін коммуналдық қызметтер мемлекеттік мәртебені қабылдайды, олар үшін орталық мемлекеттік органдар қызмет көрсетудің бірыңғай қағидаларын әзірлейді, онда ұсыну үшін қажетті мерзімдер, құжаттар жазылады.
«Көріп отырғанымыздай, жыл сайын неке одақтарының саны артып келеді, бұл бізді қуантады. Соңғы үш жылда Қостанай бойынша некені тіркеу саны 12% – ға артты, – деп атап өтті өңір басшысы. – Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ-тың мемлекеттік қызметтерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қостанай филиалы көрсетеді, онда некені салтанатты түрде тіркеуге арналған арнайы үй-жай жоқ. Бұрынғы неке сарайындағы бар зал «Тобыл» ӘКК-нің теңгерімінде. Әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әкімдік «Тобыл» ӘКК басқарма төрағасымен бірлесіп неке қиюды тіркеу бойынша салтанатты іс-шараларды өткізу үшін неке сарайында залды пайдалану мәселесін шешті».
Қазіргі уақытта елді мекендерде сапалы мобильді және кең жолақты интернетсіз цифрлық инфрақұрылымды іске қосу мүмкіндігі жоқ.
Ағымдағы жылдың тамыз айында біз «Қазақтелеком» АҚ және «КаР-Тел» ЖШС компаниялар тобымен облыстағы байланыс пен Интернеттің сапасын арттыру бойынша уағдаластық жасадық. Телекоммуникация желілерін дамытуға және интернет желісіне қолжетімділікті қамтуды ұлғайтуға 2024–2026 жылдарға операторлардың 10 млрд теңгеден астам мөлшердегі жеке инвестициялары жоспарланған.
Операторлармен серіктестікте 2024 жылы 18 мыңға жуық адам тұратын 50 ауылда антенна-діңгек құрылыстарын салу жоспарлануда, оның ішінде экономикалық белсенді халық – 10 мың.
Облыста жыл сайын кемінде 50 антенна салынатын болады және 2026 жылдың соңына қарай ауылдардың 100% – 4 4G стандартының сапалы интернетімен қамтимыз.
Тұтастай алғанда, ауылдық жерлерде мобильді байланыспен қамтамасыз ету кәсіпкерлер мен бизнес субъектілеріне ақпаратқа қолжетімділік, онлайн-сауданы ұйымдастыру және қашықтан басқару мүмкіндігін беру арқылы экономикалық өсуге ықпал етеді.
Сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағдайлары мен өмір сүру сапасына оң әсер етеді.
Ағымдағы жылдың жазында аталған инвестор облыстың оңтүстік өңірлерінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметін ілгерілету үшін жеңілдетілген кредит алу мәселесі бойынша жүгінді.