Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарымен кезектен тыс сессиясында 11 өзекті мәселе қарастырылды. Бұған дейінбарлық мәселелер мұқият зерделеніп, комиссия отырысында талқыланған болатын. Сессияныжүргізген Махаббат Жутаев.
Ең алдымен, депутаттар 2023–2025 жылдарғаарналған облыстық бюджетке түзетулердімақұлдады. Облыстық бюджетті нақтылаудыңбасты себебі мемлекеттік сатып алу қорытындысыбойынша бар үнемделген қаражатты қайта бөлуболды. Қаражат бірінші кезектегі шығындарғажұмсалатындығы көзделді. Біріншіден денсаулық сақтау ұйымдарының дәрі-дәрмек пен коммуналдық қызметтерге берешегін өтеу үшінберілетін болды. Осы мақсатта депутаттарАрқалық, Рудный, Әулиекөл ауданындағы ауруханаларды, сондай-ақ Қостанай қалалық, облыстық және облыстық балалар ауруханаларынқоса алғанда, «борышкерлерге» 500 миллион теңгекөлемінде көмек тағайындады. Облыстың денсаулық сақтау саласысының жағдайының күрт төмендеуі бүгіннен басталған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдары құзырлы мамандарға сілтеме жасай отырып, көптеген емханалар мен ауруханалардың қандай жағдайға тап болғаны туралы бірнеше рет хабарлаған еді. Мысалға, денсаулық сақтау басқармасы жазда тағы мынадай түсініктеме берген болатын: «Бюджеттін өспеген салдарынан ауруханалардың кредиторлық берешегі біраз жиналып қалды, бірақ біз медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеріп жатырмыз. Қазір аурухана бюджетінің еңбекақы қоры 80–85 пайызды құраса, 2022 жылы ол 65 пайыз болғанеді. Қалған қаражатпен медициналық мекемелерге шығын материалдарын әзірлеу және сатып алу қиынға соғып тұр.
Қазір қай тұтыну салада болмасын баға қымбаттап жатыр: коммуналдық тарифтер, дәрі-дәрмектер, ал бюджет сол күйінде қалуда. Қандай да бір амалын табу үшін коммуналдық шығындарды азайтуға тура келді. Бірақ бұл көмектеспеді. Сол себептенденсаулық сақтау басқармасы шілде айында коммуналдық қарыздарды өтеу үшін облыс әкіміне қосымша қаржы сұрап барған еді. Одан кейін облыстық мәслихат депутаттары көмектесуге келісіп, бірнеше мекемеге 728,7 миллион теңге бөлуге дауыс берді. Бірақ берілген 500 миллион теңге барлық мәселені шешпейтіні мәлім, жалпымедицина қызметкерлерінің пікірінше, мемлекет қазіргі баға жағдайына сәйкес саланы қаржыландыру үшін түбегейлі шаралар қабылдауы керек. Тағы бір амал — медициналық қызметтердің құнын көтеру. Қалай да болса бұл мәселені шешу керек. Келесі сұрақ — облыс тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі болды. Көптеген аудандарда бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Облыстық мәслихат депутаттары Жітіқара ауданы Чайковский селосында екі жылдық су құбыры желілерін тарту жобасын қаржыландыруға үнемделген 100 миллион теңге қаражат бөлуді бір ауыздан қолдады.
Жоба биыл басталып та кетті. Қамыстыауданындағы Қарабатыр орта мектебі де назардантыс қалмады. Оны күрделі жөндеуді жалғастыруүшін 27,8 миллион теңге бөлу туралы шешімқабылданды.
— Ақша игеріліп жатыр, қосымшақаражат қажет емес пе? – деп сұрады депутат Қырмызы Жаңбыршина. Мердігер өз қаражатынпайдаланып, жұмысты алға тартып жатыр, бөлінгенқаржы биыл бірден игеріледі», — деп сендірді білімбасқармасының орынбасары Абылай Умаров.
Жітіқара ауданына қарасты Степное (503 адам) және Аққарға (50 тұрғын) селоларында жаңаСтепное селолық округін құру мәселесіқарастырылды. Аққарға – Жітіқарадан 120 шақырым жерде орналасқан, облыстағы ең шалғайауыл. Аудандық мәслихат депутаттары ауылда біремес, бірнеше рет болып, жергіліктітұрғындарымен Степное ауылымен бір ауылдықокругке біріктіру жөнінде әңгімелескен еді. Дауысберу де өткізілді. Жітіқара ауданы әкімініңорынбасары Сәлім Қасенов түсіндіргендей, Аққарға ауылында жергілікті әкімдік жойылып, жылына 12 миллион теңге үнемделетінін айтты. Енді ешқандай өзгерістер болмайды. Елді мекендіқаражатпен қамту жалғаса береді. Аққарға мен Степное селолары арасы 40 шақырым, мұндаорташа жол жөндеу жұмыстары басталып кетті, екіжылдық жоба, жөндеу жұмыстары келесі жылы да жалғасады.