Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қарабалықта құрылыс қарқын алды

21 декабря 2023 10:00 • 427 просмотров

Қарабалықта Құмар Ақсақалов «Орталық» стадионын қайта құру барысымен және сол жерде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, аудан халқымен кездесті.

«Орталық» стадионын қайта құру жұмыстары және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы осы жылдың жазында басталды. 2024 жылдың шілдесінде нысан тапсырылуы керек. Жобада 1512 орындық сыйымдылық қарастырылған. Бір уақытта стадионда жаттықтырушылар құрамын ескере отырып, 112 адам оқи алады. Қайта құру дегеніміз – футбол алаңын кеңейту, әкімшілік-тұрмыстық корпус салу, табло, сондай-ақ жарық шамдарын орнату.

Спорт нысандарының құрылысымен танысқаннан кейін облыс әкімі Қарабалық ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кезедсу барысында аудан әкімі Руслан Халықов баяндама жасады.

— Ауданның 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштердің оң нәтижелеріне қол жеткізілді. Ағымдағы жылы аудан бюджеті 8 млрд. 600 млн теңгені құрайды: оның ішінде ауданның меншікті кірісі 2 млрд. 587 млн теңгені құрайды, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 6 млрд теңге немесе жалпы бюджеттің 70 пайызы болып табылады. Есепті кезеңде аудан бюджетінің кірістері 107,2 пайызға немесе 2 млрд. 437 млн теңгеге орындалды. Ауыл шаруашылығы саласы-ауданның экономикалық дамуының басты қозғаушы күштерінің бірі. 56,6 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 35 млрд теңге, мал шаруашылығында – 21 млрд теңге. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 103,7% құрайды. Егістік алқабы 286,4 мың га қамтыды: оның ішінде дәнді-дақылдар 221,5 мың га, майлы дақылдар 57,9 мың. га. Осы салада ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алуға 4,0 млрд теңге инвестиция тартылды, – деді аудан әкімі Руслан Халықов.

Азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру – ауданды дамытудың басым бағыты болып табылады. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесі ерекше бақылауда.