Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сүт өндірісі артпақ

19 января 2024 15:30 • 1 534 просмотров

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанда тауарлы сүт фермаларын салу жөніндегі Үлкен жобаның іске асырылу барысы талқыланды.

Биыл елімізде 65 тауарлы сүт фермасы жұмысын бастауы керек. Олардың арасында жаңа және өндіріс қуатын арттыруды көздеп отырған тауарлы сүт фермалары бар. Кәсіпорындардың барлығы инвестициялық жобалар пулына кірді, ол өз кезегінде 10 жыл мерзімге 2,5% жеңілдікпен қарыз алу мүмкіндігін береді. Еске сала кетейік, 2023 жылы Мемлекет осы мақсаттарға 100 млрд теңге бөлді.

Кеңесте ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков хабарлағандай, әлеуеті бар жобалар пулын қалыптастыру жұмыстары өткен жылғы сәуір айында басталған болатын. Барлық қажетті құжаттар қабылданғаннан кейін Үлкен жобаға қатысушы 11 өңірге ӘКК арқылы жобаларды жеңілдікпен несиелеу үшін қаражат бағытталды.

100 млрд теңге көлеміндегі келесі транш 2024 жылы болады деп күтіледі. Мемлекет ауыл шаруашылығы жерлерін суару, құс фабрикасын, көкөніс және жеміс қоймаларын салу, сондай-ақ ет өндіруге маманданған мал шаруашылығы жобаларын қаржыландыратын болады.

Вице-премьер Серік Жұманғарин Үлкен жобаға қатысушы барлық өңір өкілдерін тыңдады. Кәсіпорындар пулын анықтау және қаржыландыру бойынша кедергілерді жою мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

«2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отырған бірде-бір жобаны 2025 жылға қалдыруға болмайды. Үлкен жобаға бөлінген мемлекет қаражаты бірінші кезекте елімізде тауарлы сүт өндірісін айтарлықтай ұлғайту үшін 65 ферманы іске қосуды көздейді. Әрбір жобаны арнайы комиссия тексереді. Сүт фермаларын салу – Үлкен жобаның бір бөлігі ғана, басқа да өндірістер пулын әзірлеп бастау қажет. Өңірлерге ақпан айының соңына дейін барлық жоба бойынша шешім қабылдауды тапсырамын», – деді вице-премьер.