Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, Қостанай облысының 2024 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, 2023 жылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары және 2024 жылға арналған міндеттері талқыланды.
Мемлекет басшысы экономиканың жыл сайын кемінде 6% өсуін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Бұл ай сайын кемінде 50 млрд теңге инвестиция салған кезде ғана мүмкін болады.
Бұл ретте жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға және пысықтауға баса назар аудару қажет.
Барлық жобалар мемлекеттік қолдау шаралары есебінен қаржыландырылады, әкімдерге тек кәсіпкерлермен тиісті жұмыс жүргізу және жоспарланған жобалардың сапалы әрі уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету қажет.
«Аудандар мен қалалар әкімдерінің барлық жоспарлары бақылауға алынады және жылдың соңында олардың қалай іске асырылғанын көреміз» – деді облыс әкімі.
Құрылыс саласына қатысты облыс әкімі ағымдағы жылы облыс бойынша 500,0 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 5,0 мың пәтер енгізу жоспарланғанын атап өтті.
Бірнеше жыл бойы тұрғын үйді пайдалануға беру және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша көрсеткіштің тұрақты өсуі байқалады.
Коммерциялық тұрғын үй құрылысының өсуі инвестициялау үшін қолайлы жағдайларды көрсетеді. Тұрғын үйдің 75% – дан астамы жеке инвестициялар есебінен салынуда.
Тұрғын үй құрылысының негізгі көлемі облыс орталығы мен қалаларға тиесілі, алайда аудандарда да тиісті жұмыстар жүргізу қажет.
Өткен жылы әкімдіктер мен кәсіпкерлер арасында жасалған меморандумдар аясында ауылдық жерлердегі үйлердің құрылысы мен реконструкциясы жүргізілді. Алайда, кейбір өңірлердің әлеуеті тиісті түрде іске асырылған жоқ.
Ағымдағы жылы бұл жұмысты жалғастырып, өткен жылмен салыстырғанда өсуді қамтамасыз ету қажет.
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жыл сайын артып келеді. 2024 жылы аталған іс – шараларға 4,2 млрд.теңге көзделген, бұл өткен жылдан 5% – ға артық (2023 ж. – 4,0 млрд теңге).
Ағымдағы жылы облыста 44 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту және барлық бағдарламалар есебінен 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, сондықтан бұл іс-шараларды бақылауда ұстап, олардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету қажет.
Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
Мәселен, ағымдағы жылы шойын құю зауытының құрылысы бойынша жоба іске асырылатын болады, онда 500-ге жуық жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, 100 жаңа жұмыс орнын ашатын пластикалық бояу цехы іске қосылады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Хончи және Шкода автомобильдерін өндіру бойынша 2 жобаны іске қосу жоспарланған, 250 жаңа жұмыс орны құрылады.
Ауылдық жерлердегі жобаларға қатысты ағымдағы жылы 10 сүт-тауар фермасының құрылысы жоспарланғанын, 150-ден астам жаңа жұмыс орны құрылатынын атап өтемін.
Жұмыспен қамту және инвестициялық жобаларды іске асыру шараларымен қамтамасыз етумен қатар, мемлекет азаматтарға өз бизнесін дамыту үшін жағдай жасауды жалғастыруда.
Облыста екінші жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы жұмыс істейді. Өткен жылы бағдарламаны қаржыландыру 1,6 млрд теңгені құрады (279 кредит берілді).
Биыл аталған бағдарламаға біз 3,8 млрд теңге қарастырдық, бұл өткен жылдан 2,4 есе көп. 580-ге жуық кредит беру және 600-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Бұл бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті. Облыс бойынша көптеген жағымды мысалдар бар, онда ауылдық жерлердегі азаматтар кірістерді көбейтіп, өз өндірістерін аша алды.